Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-10-06 08:12:58
Алматы облысында аяғы ауыр әйел сәбиін дәліздегі суық еденде босанғанын мәлімдеді.

Талғар тұрғыны Шәрбану Төлендиеваның айтуынша, толғағы қысып, жаны қиналған сәтте дәрігерлер босану бөлмесіне әкеліп тастап кеткен. Тіпті босанғалы жатқанын айтып, жан ұшыра айқайлап көмекке шақырсам да не акушер, не кезекші дәрігер келмеді деді ашынған әйел.

Сондықтан, амалсыз өзі босанып, шақалақты памперске ораған екен. Ал ақ халаттылар тек нәрестенің жылаған дауысы естілгенде ғана келді деп отыр.

“Қолым қан-қан болып, баланы өзім суырып алдым. Өзім памперске орап, жерге қойдым. Бала жылағаннан кейін бәрі келді. Мен “неге келдіңдер, болды, туып алдым ғой дедім”, – дейді Талғар ауданының тұрғыны Шәрбану Төлендиева.

Алайда аурухана акушері әйелді босандырып алғанын мәлімдеп, бұл оқиғаны жоққа шығарған.

Дереккөз: «Информбюро» бағдарламасы.

t.me/stankznews
249 viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 07:16:34 Астанада Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Съезд барысында партия төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

t.me/stankznews
497 viewsedited  04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 06:03:24
Қазақстандағы жарнама сайттарында «пәтерді тек ресейліктерге жалға береміз» деген хабарламалар көбейген.

Оңтайлы сәтті пайдаланғандар пәтерді жалдау құнын 500 мың теңгеге дейін көтерген. Ресейліктерге ғана жалға берілетін пәтерлер көбіне Астана, Қостанай, Атырау, Петропавлда кездеседі.

t.me/stankznews
747 viewsedited  03:03
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 16:02:37
Жамбыл облысында 5 күн бұрын жоғалған әйел жазық даладан ауыр жағдайда табылды. Есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді.

Анықталғандай әйел 2011 жылдан бері психикалық диспансер орталығында есепте тұрады. Іздеу жұмыстарына полицейлер мен құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар да қатысқан.

t.me/stankznews
2.1K viewsedited  13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 14:10:58
Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауына қай ұйымның атынан қатысатынын айтты.

Тоқаевтың сөзінше, әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан олардың атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түскен.

«Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды. Мен Мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беремін», - деді ол.

t.me/stankznews
1.5K viewsedited  11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 13:19:58
Қазақстанда күніне 8-11 адам суицид жасайды.

Мәжіліс депутаты Еран Смайылов елімізде өзіне қол салатын адамдардың саны артқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, 2021 жылы 3 951 адам суицид жасаған.

"2012-2021 жылдар аралығындағы он жылдық суицид статистикасы бойынша, Қазақстанда күн сайын 8-11 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Ал күніне 9-16 адам өз-өзін өлтіруге әрекет жасайды. Қазақстанда ең көп суицид саны анықталған жылдар – 2013, 2015 және 2019 жылдар", − деді Смайлов Парламенттегі отырыста.

t.me/stankznews
237 viewsedited  10:19
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 12:52:02
Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан гидпен түскен суретін жариялады. Желідегі жазбасында әнші Бекарыспен келісімге келгенін мәлімдеді.

t.me/stankznews
457 viewsedited  09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 11:39:24
Ақтауда ер адам мысықтың басына секіріп, кетіп қалған. 4 қазанда болған оқиға бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

Белсенділердің сөзінше, мысық ауыр жағдайда. Оны рентгенге алып барған.

t.me/stankznews
301 viewsedited  08:39
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 11:10:38
«Сатып алғанымды мойындаймын»

Жазушы Садық Шерімбек өзінің жүргізуші куәлігін жарамсыз деп тануды сұрады. Жазушы жыл сайын елімізде көлік оқиғасынан жүздеген адамдың қаза табатынын алға тартып, "Барлығы Алланың қалауымен" дейтіндерге қарсы уәж айтады.

"Бірақ бұл қаншалықты орынды? Алланың қалауымен деген түсініктің қисынымен жүрсек, онда Құдайымыз қанқұйлы болып шығады ғой. Оны біз өзіміз қолдан жасап жатқан жоқпыз ба?! Менің шетелде тұратын досым бар ол өз елінде 12 рет емтихан тапсырып, бәрібір куәлік ала алмаған. Ал бізде қалай? Барлығы жүргізуші куәлігін адал жолмен алды ма?", - деп таңырқайды Садық Шерімбек.

Жазушы мысал үшін алысқа бармай, өзі де кезінде жеңіл, тіпті жүк көліктерін жүргізу құқығын заңсыз алғанын мойындады.

"Мен бір кездері BN029489 нөмірлі жүргізуші куәлігін сатып алғанымды мәлімдегім келеді. Сондықтан Қазақстан Ішкі істер министрлігінен оларды жарамсыз деп тануды көпшілік алдында сұраймын! Менің кесірімнен басқа біреудің жапа шеккенін қаламаймын", - дейді ол.

t.me/stankznews
444 viewsedited  08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 09:39:43
Атырауда блогер «сәлафилік мектеп» деп атаған қыздарға арналған оқу орнына айыппұл салынды.

Сот материалдарына сәйкес «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС деген атаумен ашылған оқу орны заңсыз жұмыс істеп келген. 1 қыркүйектен бастап 7-сыныпқа 100-ден аса оқушыны заңсыз қабылдап, тіркеусіз білім берумен шұғылданған.

Сот қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұузышылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігімен 76 575 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, жауапқа тартылды.

t.me/stankznews
115 viewsedited  06:39
Ашу / Түсініктеме