Get Mystery Box with random crypto!

Теміртауда гаражда өмір сүрген 'маугли-жасөспірім' табылды. | Жаңалықтар - Stan.kz

Теміртауда гаражда өмір сүрген "маугли-жасөспірім" табылды.

Анықталғандай, баланы асырап алған өгей анасы гараждан шығармай өсірген. 16 жастағы жасөспірімнің дамуы тежелген, ешкіммен сөйлеспейді, жаза да, оқи да алмайды.

"Бала патронаттық тәрбиеде өсті. Оның туған ата-анасы қайда екені белгісіз. Сондай-ақ, асырап алған адамдарда баланы асырап алу туралы құжаттар мен туу туралы куәлік те жоқ. Мектепке бармауының бір себебі осы шығар. Олар балаға ие бола алмаған соң гаражға қамап қойды", - дейді Теміртау тұрғыны.

Қазір полиция асырап алған әйелді ұстады. Ал баланың өзінің ата-анасы қайда екені анықталып жатыр.

t.me/stankznews