Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-10-10 06:40:09
Атырау облысында қаңғыбас иттер ұсақ малға шабуылдай бастаған.

Есбол ауылының тұрғындары бұралқы иттердің көбейгенін айтып, дабыл қақты. Сөздерінше,олар алты қой мен бір лақты жеп кеткен. «Балаларымызды далаға шығаруға қорқамыз» деген олар қазір келтірілген шығынды есептеп жатыр.

«Иттерді видеоға түсіруге тыйым салған депутаттар, иттерді атуға қарсы блогерлердің әрекеті осы жағдайға алып келді», - дейді ауыл тұрғыны Бағила Дошанова.

t.me/stankznews
665 viewsedited  03:40
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 05:53:41
Алматыда студенттер көшеде түнеп жүр.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігі пікір білдірді. Видеодан студенттердің ойын алаңында ұйықтап жатқанын көруге болады.

Министрлік өкілдері видео авторынан және куәгерлерден ведомствоға хабарласуын сұрайды. Қажет жағдайда студенттерге көмек көрсетіледі.

t.me/stankznews
822 views02:53
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 16:29:27
Еуро-2024 іріктеуі: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Жеребеге 53 ұлттық қауымдастық қатысты. Еуро-2024-ті қабылдайтын Германия финалдық кезеңге тікелей жолдама алып, іріктеу жеребесіне қатыспады.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Н тобында ойнайды. Қарсыластары: Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино

@stankznews
313 views13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 10:06:55
"Қазақтардың кім екенін көрсету керек": Елдос Сметов жарақатына қарамастан қола медальді қалай жеңгенін айтты

“Маған бұл марапатты алу өте қиын болды деп айтар едім. Турнирге толық дайын болып келмедім, жарақаттан толық қалпыма келу мүмкін болмады. Жаттықтырушым Ғалымжан Жылгелдиевке алғысымды айтамын, ол осы жеңіске баға жетпес үлес қосты. Бұл, ең алдымен, менің жаттықтырушымның медалі” - деду спортшы.

Жарақат алғанда Елдосты намысын жаттықтырушысы қайраған.

“Ғалымжан Жылгелдиев “Еліміздің намысы мен көк туы тұр" деп, Қазақстанның туын биікке көтеру керек екенін, жарыста мені қолдау үшін Ташкенттегі аренаға көп жерлестеріміз келгенін айтты. Қанаттыратын көп сөздер айтты, "Қазақтардың кім екенін көрсету керек!" деді. Артқа қарауға уақыт та, мүмкіндік те болмады, тек алға ұмтылу керек еді. Татамиде иығыңды қалдыруға тура келсе де, жеңіс үшін күресу керек”, – деді Сметов.

@stankznews
884 views07:06
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 06:37:25
Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің жүргізушісі, 51 жастағы Махир Юсубовқа тапсырыс қайдан түскені анықталды.

Тергеушілер көлік бағытын зерттеді. Оларды, әсіресе, Юсубовқа тапсырыс түскен Армавир қаласы қызықтырды. Жүктің салмағы (құжаттарда қосалқы бөлшектер деп көрсетілген) 7-ден 25 тоннаға дейін, көлемі - 87 текше метрді құрады. Жүргізуші оны Симферопольге апаруы керек еді.

Кейбір нұсқалар бойынша, Юсубов жарылғыш заттарды тиегенін білмеген болуы мүмкін.

@stankznews
1.2K viewsedited  03:37
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 11:56:05
«Байденнің баласы»

Желіде қазақ баланың Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің қолын алған видеосы тарады.

Альтаир есімді жасөспірім АҚШ басшысымен анасы оқитын Пенсильвания университетінің кампусында жолыққан, делінген ақпаратта.

Дереккөз: Qumash Telegram-арнасы

@stankznews
599 viewsedited  08:56
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 10:44:06 Астана мектептеріндегі сабақтар қашықтан оқу форматына ауыстырылады

“Оқушылар мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін 13-14 қазанда қала мектептерінде меншік нысанына қарамастан сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады”, - деп мәлімдеді білім басқармасы.

Бұл 13-14 қазанда елордада мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен ірі халықаралық форумдардың өтуіне байланысты. Сондай-ақ, қала жолдарының кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу де жоспарлануда.

@stankznews
354 views07:44
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 09:43:43
Ресейдегі Қырым көпірінде жарылыс болды: Аймақта көлік қозғалысына шектеу қойылды

Алдын ала мәлімет бойынша, 8 қазан күні сағат 06:00 шамасында Таман-Керчь бағытында келе жатқан жүк пойызының вагондарының бірі өртенген. Кейін өрт басқа цистерналарға тараған.

Оқиға орнында жол қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Апат салдарынан көпірдің автокөлік бөлігінің аралығы опырылып түскен.

Ресейлік БАҚ Керчь қаласында Қырым көпіріне жете алмайтын көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына суы мен дәретханасы бар автотұрақ ұйымдастырылғанын жазады,

Аймақ билігі жеңіл көліктер үшін паром өткелін ұйымдастырмақ.

Қырым көпірі Ресейдегі ең ұзын көпір, оның ұзындығы 19 шақырым. Автокөлік бөлігі 2018 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында теміржол учаскесінің бойымен алғашқы пойыздар легі өткен.

@stankznews
800 viewsedited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 09:08:11
«Қызылорда-Семей» бағытында жолға шыққан жолаушылар пойызында өрт шықты

Өрт пойыз Жамбыл облысынан өтіп бара жатқан уақытта тұтанған. Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келді. Олар жанып жатқан пойыз вагондарын екі жағынан вагондармен қоршауға алып, 34 жолаушы қауіпсіз жерге жеткізілген.

Зардап шеккендер жоқ. Болған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

@stankznews
146 views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 07:13:30 Ақтауда мысықтың басына секіріп, оны жарақаттаған азаматқа сот үкімі шықты

Ақтау қалалық соты сотталушы мысықтың үстіне қасақана секіріп, оны жарақаттағанын анықтады. Прокурор сотталушыны 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушының кінәсі жауап алу хаттамасымен, бейнекамераға түсірілген бейнежазбамен, мал дәрігерінің қорытындысымен дәлелденді деп ұйғарды.

Сот үкімімен сотталушы 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

@stankznews
333 viewsedited  04:13
Ашу / Түсініктеме