Get Mystery Box with random crypto!

Астана соты қызын ұрып-соққан Бас прокуратура қызметкерінің әй | Жаңалықтар - Stan.kz

Астана соты қызын ұрып-соққан Бас прокуратура қызметкерінің әйелін жазаға тартты

Астананың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызы Аяла Маматаеваны көшеде ұрып-соққаны үшін Бас прокуратура қызметкері Қадыржан Маматаевтың әйелі Алмагүл Маматаеваны жазалады.

"Сотта баланың соққыға жығылғаны бейнежазба арқылы расталды. Сот ананың әрекетін жөн-жосықсыз және жас баланың дамуына зиянды деп таныды. Заң бойынша ата-ана баланың физикалық, психикалық және моральдық қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға міндетті. Сот баланың анасын баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі), өйткені оның әрекетінде тәрбиенің заңсыз әдістері көрсетілген. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінің санкциясында 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза қарастырылған. Сот анасына ең жоғары баламалы емес жаза – 10 АЕК көлемінде айыппұл салды", - делінген соттың мәлімдемесінде.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.