Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-10-11 06:06:38
Алматыда пәтерсіз қалып, жедел штабтың көмегіне жүгінетін студенттер саны бірден 10 есеге көбейген.

Пәтер жалдау құнының бірден көтерілуіне байланысты оқу жылының басынан бері арнайы жедел штабтар құрылған. Бірақ соңғы күндері көмек сұрайтын студенттер саны көбейген. Арнайы штаб студенттерге 12-15 мың теңгеге жатақханадан бөлме ұсынады.

Кей жоғарғы оқу орындары хостелдермен келісімшартқа да отыруға мәжбүр. Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мұны Алматыда университеттердің көп екенімен байланыстырды. Қазір мұндағы 35 жоғарғы оқу орнында 190 мыңнан аса студент білім алуда,

t.me/stankznews
676 viewsedited  03:06
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 19:36:56
Жұматай Әлиев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Оның кандидатурасы туралы құжаттар Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды.

2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жұматай Әлиевтің "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары ұсынылды.
1.2K views16:36
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 19:18:21 Прокурор экс-министр Біртановтың ісіне қатысты шығынды атады

Прокурор бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің мемлекетке келтірген шығыны туралы айтты.

Бүгін Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталды. Енді тараптар пікірталасқа кірісуі керек.

"Біртанов пен Әбішевке "Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесуі" платформасындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей-ақ аяқтау, пилоттық пайдалануды енгізу және жұмысы аяқталмаған платформаны қабылдау туралы келісім жасасып, өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Мемлекетке 1 млрд 548 млн 136 мың теңге немесе 4 млн 177 мың доллар көлемінде залал келтірілген", - деді мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Шекенов.

Ол Біртанов пен Әбішевтің әрекеті нәтижесінде мемлекет 4 миллион 660 мың доллар көлемінде банк кепілдігін өндіріп алу құқығынан айырылғанын мәлімдеді.

"Сонымен қатар Біртановқа 2020 жылдың маусым айында іссапарда болған кезінде COVID-19 тестінен өтіп, теріс нәтиже алғанына қарамастан, Жамбыл облысының емдеу мекемелеріне медициналық көмекке жүгінбей, Ұлттық жедел медициналық жәрдем орталығының қызметкерлеріне Тараздан Астанаға санитарлық авиация бортында тасымалдауды ұйымдастыру туралы заңсыз нұсқау берген деген айып тағылды. Бұл мемлекетке 5,5 миллион теңге шығын келтірді", - деді Шекенов.

Біртанов та, Әбішев те өз кінәсін мойындамай, кінәсіз екендіктерін мәлімдеді.
1.2K viewsedited  16:18
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 15:26:41
Талғат Ерғалиев кезектен тыс президент сайлауына түседі. Оның кандидатурасын "Қазақстан құрылысшылар одағы" ұсынған.

Ерғалиев аталмыш одақты 2010 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін мәжіліс депутаты болған.

Талғат Ерғалиев 2019 жылы да президент сайлауына қатыспақ болған. Алайда кейін кандидатурасын қайтарып алған.

t.me/stankznews
792 viewsedited  12:26
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 15:21:46
Украинаға жасалған әуе шабуылы салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмып, тағы 60 адам жарақат алған. Бұл туралы Украина ұлттық полициясы мәлімдеді.

t.me/stankznews
837 views12:21
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 11:52:25
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Менің президентім - Путин" деп айтқан Петропавл тұрғындарына қатысты тексеріс бастады.

Әлеуметтік желіде екі қыз 18-ге толмағандарын және президент сайлауында Владимир Путинге дауыс беретіндерін айтқан. Сонымен қатар қазақстандық достары Украинада Ресей үшін соғысып жатқанын да мәлімдеген.

t.me/stankznews
786 viewsedited  08:52
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 10:17:49
Қазақстанда нан бағасы 20%-ға өсті.

Нан бағасы әсіресе Ұлытау облысында бірден 48,3%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысында 27,6% және Алматыда 25,8%-ға көтерілген. Өнім бағасы Солтүстік Қазақстанда ең аз – 2,6%-ға ғана қымбаттаған.

Жоғары сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі қазақстандықтар 341 теңгеге, бірінші сортты ұннан жасалған нан келісін 195 теңгеден сатып алған.

"Осы жылдың екінші тоқсанында бір адам орта есеппен, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған 7,5 келі, қара бидай мен қара бидай ұнынан жасалған 646 грамм нан тұтынған", - дейді зерттеушілер.

t.me/stankznews
1.0K viewsedited  07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 09:37:17
Украиналық БАҚ Киев пен батыс аймақтарда жарылыс болғанын мәлімдеді.

Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Геращенко Киевке ұшырылған зымырандардың брі Владимировск көшесіне түскенін мәлімдеді. Мұнда Украина қауіпсіздік қызметінің кеңсесі, ал жақын маңда Зеленскийдің кеңсесі орналасқан.

Жарылыс туралы ақпараттар Житомирск, Киев облыстары, Львов пен Хмельницкий, Тернополь мен Днепропетровск қалаларынан да келіп түскен.

t.me/stankznews
2.4K views06:37
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 08:11:48
Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Манамада өткен сайыста отандасымыз жалпы 220 келі көтерді (95+125).

Сонымен қатар Чиншанло серпе көтеруде де бірінші орынға көтерілді.

t.me/stankznews
257 views05:11
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 06:40:30
Түркістан облысында ер адам шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген.

Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше күдікті ұсталды.

@stankznews
680 viewsedited  03:40
Ашу / Түсініктеме