Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 62

2022-07-08 08:07:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесін көтергелі бері елді алаңдатқан сан-сауал көбінің көкейінде жүргені белгілі.

Қазақстандағы АЭС құрылысы алдағы 5-10 жылдықтың төңірегінде басталмақ. Әзірге сол АЭС-ті салуға үміткер компаниялар бекітілді. Солардың ішінде ресейлік “Росатом” да бар.

“Росатом” қазіргі таңда Түркиядағы “Аккую” атом электр станциясының құрлысын жүргізіп жатыр.

Stan.kz тілшісі Түркияға арнайы барып құрылыс барысын көріп, көпшілікті алаңдатқан сұрақтардың жауабын біліп қайтты.

Толығырақ мына материалдан оқыңыз

t.me/stankznews
1.3K viewsedited  05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 07:32:21
Шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын азайып, құрғақшылық күтіледі. Синоптиктер мәліметіне сәйкес Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында байқалады. Сонымен қатар Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей қаласы маңайында жауын азаяды деп күтіледі.

Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды. Ал өзге аймақтарда ылғалдану жағдайлары нормаға жақын.

t.me/stankznews
1.5K viewsedited  04:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 07:31:46
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Whatsapp-қа діни статус салғаны үшін айыппұл арқалады.

Аталмыш жағдай Ғ. Мүсірепов ауданында орын алды. 39 жастағы азамат Whatsapp-тағы статусына 1 ай бойы діни бағыттағы материалдар салып келген. Оған 35 АЕК (107 мың 205 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге салсақ, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабында дәл осындай қылмыс түрі үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Мұндай жағдай осы жылдың өзінде СҚО-да 9 рет тіркелген.

t.me/stankznews
1.3K views04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 06:44:01
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жаслады. Оған Нара қаласында көшеде сөйлеп тұрған сәтте кеудесіне оқ тиген. БАҚ беттерінде Синдзо Абэнің ауруханада ес-түссіз жатқаны хабарланды.

t.me/stankznews
2.2K viewsedited  03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 06:42:50
Зейнетақы мөлшері келесі жылдан бастап артуы мүмкін. Белсенділермен кездескен Еңбек министрі Тамара Дүйсенова тиісті ұсынысты мемлекеттік органдарға жолдағанын мәлімдеді.

"Біз базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде параметрлерді өзгерту туралы бастама көтердік. Қазір біздің ұсыныстарымыз басқа да мүдделі мемлекеттік органдарда қаралады, егер қолдау тапса, бұл келесі жылдан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерінің артуына мүмкіндік береді. Жұмыс істеп жүрген және болашақта құрметті демалысқа шығатын зейнеткерлер де оң әсерін тигізеді", - деді министр.

t.me/stankznews
1.3K viewsedited  03:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 15:28:07
Серік Төтебаев "Самұрық-Энерго" Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды.

Директорлар кеңесінің 23 маусымдағы шешімімен компания Басқармасының құрамына келесі өзгерістер енгізілді.

Басқарма төрағасы Сұңғат Есімханов қызметінен алынды;
Оның орныра Серік Төтебаев-Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды.

Енді "Самұрық-Энерго" компаниясының басқармасы төрт адамнан тұрады: Тютебаев С. С., Рыскулов А. К., Ивченко Е. Д., Адылькеримов А. А.

Бұдан басқа, "Самұрық-Қазына" қоры атынан жалғыз акционердің шешімімен Сұңғат Есімханов Компанияның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

t.me/stankznews
1.7K viewsedited  12:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 14:10:51
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жалақысы 980 мың теңге. Ал күзде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 1 978 000 теңге алатынын айтқан еді.

“Не себепті сіздің жалақыңыз әріптестеріңіздікіне қарағанда аз? Мәселен, Алтай Көлгіновтің жалақсы 1 900 000 теңге ғой”, – деп сұрады журналист әкімнен.

“Бұл тұрғыда лауазымдық жалақы, сыйақы төленетінін ұмытпайық. Сондықтан менің жалақым – 980 000 теңге”, – деді әкім.

Сіздің ойыңызша әкімдердің жалақысы қанша теңге болуы керек?

t.me/stankznews
1.6K viewsedited  11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 13:33:06 Алматыда «Құрбан айт» мерекесін тойлауға қатысты бірнеше шектеу енгізілді. Қала тұрғындарына коронавирустың таралуына байланысты адам көп болатын жиын өткізбеуге кеңес берілді. Сонымен қатар құрбандықты онлайн және офлайн шалуға болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн-форматта құрбандық шалу үшін арнайы www.qurban2022.kz сайтын әзірледі. Құрбандық шалудың бүкіл процесі бейнежазба режимінде өтеді. Дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімі аталады.

Видео тапсырыс берушіге жіберіледі.

t.me/stankznews
1.6K viewsedited  10:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:25:24
Алматы облысында көршісі 63 жастағы зейнеткерді жауыздықпен өлтіріп, 9 жастағы немересін ауыр жарақаттаған. Алайда сот шешімімен ол түрмеге емес, психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Жазамен келіспеген туыстары мұндай адамға қоғамда орын жоқ дейді.

Марқұмның қызы Салтакина Тахмина көршісінің анасының үйіне ақша сұрап келгенін айтады. Алайда анасы кері қайтарып жіберген соң, екінші рет балта мен пышақ ұстап келген.

"Ол балтасын қайрап, басқа көршімізге көрсеткен. Кісі өлтіретінін қайдан білсін. Анам ақша бермейтінін айтып қуып жібермек болыпты, осы кезде маңдайынан балтамен екі рет ұрған. Шулаған дауыстарды естіген ұлым Александр басқа бөлмеден шығыпты. Ұлымның көзінше анамды төрт рет пышақтаған. Александр қатты қорыққаннан қолына түскен заттарды Константинге қарай лақтырған. Осы кезде ол Александрды пышақпен қуыпты. Жеткен соң кеуде тұсына пышақты сұғып алған. Салдарынан өкпесі, бауыры зақымдалып, оң жақ бүйрегін алып тастауға тура келді", – деп қосты ол.

Жалғасы Stan.kz сайтында.

t.me/stankznews
1.7K viewsedited  09:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 10:15:13
Қазақстанда 2023 жылдың қаңтарына дейін автогазға шекті бағалар белгіленді

Нұр-Сұлтан-70 тг/л.

Алматы-65 тг/л.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары-50-55 тг/л.

Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары, СҚО, Жетісу, Ұлытау - 70-75 тг/л.

ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысы, Абай-60-65 тг/л.

t.me/stankznews
2.0K viewsedited  07:15
Ашу / Түсініктеме