Get Mystery Box with random crypto!

ТЕМІР ЖЕТІСПЕУШІЛІК АНЕМИЯ Бұл балаларда жиі кездесетін аур | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ТЕМІР ЖЕТІСПЕУШІЛІК АНЕМИЯ

Бұл балаларда жиі кездесетін аурулардың бірі. Бұндай жағдай гемоглобиннің төмендеуімен (гемоглобин- оттегіні тіндерге тасымалдаушы) көрінеді.

Енді толығырақ тоқтала кетейін.
Балада темірдің қоры ананың құрсағында жатқанда, әсіресе 3- триместрде қорға жинала бастайды. Бірақ оның мөлшері анасындағы қордың мөлшеріне байланысты болып келеді. Сондықтан анасында жүктілік кезде темірдің қоры аз болса, онда балада да темірдің қоры аз болады. Уақытынан ерте туылған балалар қорға жинап үлгермейді.

Туылғаннан кейін темір балаға ана сүті арқылы түседі.
Ана сүтінде темір аз болғандықтан бала ана құрсағында жатқанда жинаған қорды пайдаланады.
Қалыптыда бұл қор 4-6 айға жетеді. Қосымша тамақты 6 айдан бастап берудің бір себебі - осы.

Темір жетіспеушілік анемия кімдерде пайда болуы мүмкін?
⁃ уақытынан ерте туылған балаларда
⁃ анемиясы бар анадан туған балаларда
⁃ 6 айдан жоғары тек ана сүтін еметін балалар
⁃ сиыр сүтін тәулігіне 500мл көп ішетін 1 жастан асқан балалар
⁃ шектелген диета ұстауға мәжбүр балалар ( аллергия т. б)
⁃ ет және балықтағамдарын жемейтін балалар
⁃ жиі ауыратын балалар
⁃ балалардың белсенді өсу кезеңінде (1 жасқа дейін, пубертат кезеңінде)

Неліктен сиыр сүтін көп мөлшерде ішу темірдің төмендеуіне әкеледі?
• сиыр сүтіндегі темір басқаларға қарағанда нашар сіңеді
• 1 жастан асқан балаларда сиыр сүтін көп мөлшерде қолдану темірге бай басқа тамақтың орнын алмастырады, бұл оның жеткіліксіз түсуіне әкеледі.