Get Mystery Box with random crypto!

Мукалтин туралы. Мукалтинді барлығы жақсы көреді. Ингаляция ж | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Мукалтин туралы.

Мукалтинді барлығы жақсы көреді. Ингаляция жасайды. Ішеді. Жөтелге ем ретінде қолданады.

Мукалтин алтей өсімдігінен жасалады. Мукалтиннің әсер ету механизмі: бронхтармен бронхиололарды рефлекторлы ынталандыру арқылы кірпікшелі эпителий қозғалысын үдетеді. Бронхиола бездерінің шырыш бөлінуін жоғарылатады. Осының әсерінен жөтел пайда болады.

Егер сізде жөтел басталса мукалтин ішіп оны үдетудің қажеті жоқ.
Адам ағзасы уникальный бронхтардағы қақырықты өзі шығарып тастайды.

Ал, егер сізде пневмония, бронхоэктаз, обструктивті бронхит болса, мүлде бөлек мәселе. Кейбір жағдайда қақырықты жібіту керек болады. Мукалтин қақырықты жібіте алмайды.
Сол себепті, жөтел кезінде дәрігер тағайындауымен ішкеніңіз абзал.

Қарсы көрсеткіштері:
Дәрілік затқа жоғары сезімталдылық.
Асқазан және он екі елі ішек жарасы.
балалар 12 жасқа дейін.

Балаларға мукалтин брожоми мен ингаляция жасамаймыз.
Балаларға мукалтин бермейміз.

Балалардың бронхтары өте жіңішке, сіз мукалтин берсеңіз, ол бронхтағы шырыш бөлінуін жоғарылатып керісінше қақырық көбейіп кетеді. Кішкентай балалар қақырықтарын шығаруды білмейді. Сол үшін қолдап баланың ауыруын ұзартпаңыз

Қандайда бір муколитик ішер алдында жөтел не себепті қалай пайда болды анықтап алыңыз.
Келесі жазба жөтел түрлері туралы жазбақпын....
Бала жөтелсе беталды муколитик беру дұрыс емес. Ол баланың ауруын ұзартып жібереді. Аналар еще сұрақ қоядығой неге жөтелі басылмайды деп?  Муколитик түр түрін беріп алып.
Муколитик жөтелдіреді өйткені құрметті аналар!!!

Қандай муколитик қолданасыз? Комментарийге қалдырыңыз..