Get Mystery Box with random crypto!

Нәресте күтімі Әрбір ананың ең бақытты кезеңі - ол сәбидің өм | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Нәресте күтімі

Әрбір ананың ең бақытты кезеңі - ол сәбидің өмірге келуі.
Нәрестені үйге әкелгеннен кейін көпшілік аналар не істерін білмей қалады. Осыдан көп сұрақтар туындайды: не істеу керек? осы мен дұрыс жасап жатырмын ба деген сияқты.
Ең алдымен нәрестелік кезең дегеніміз не соған тоқталайық.
Нәрестелік кезең деп - ол туылғаннан бастап 28 күн аралығын айтады. Осы уақыт аралығында нәрестеде сыртқы ортаға бейімделу процесі жүреді.
Енді күтімнің негізгі ережелері:
Сәбиді қолға алар алдында барлығы қолын жуу керек.
Күнделікті көз тазалығы
Күнде таңертең стерильді мақтаны қайнаған суға малып алып көздің сыртқы жағынан ішіне қарай бағыттап сүрту керек. Әр көзге жеке мақта!
Мұрын тазалығы. Физ. ерітінді тамызуға болады.
Қатты етіп байламау. Еркін жату керек.
Подгузникті үнемі ауыстырып отыру керек. Әр 2-3 сағат сайын ауыстыру. Жуындыру.
Кіндікке қатты мән беру қажет. Кіндікті подгузникпен жаппау керек. Зеленка жағудың қажеті жоқ. Максимум сутегінің асқын тотығымен сүртуге болады.
Нәрестені суға күнде түсіріп отыру қажет. Үй температурасы 27 гр төмен болмау қажет. Ал су температурасы 37 гр. Сабынмен күнде жуудың қажеті жоқ - аптасына 1 рет жеткілікті.
Тек қана ана сүтімен емізу қажет. Су берудің қажеті жоқ.
Сәбимен сөйлесіп денесін уқалап жеңіл массаж жасау қажет.
Ауа райына қарай серуендеуге болады.

Ал сіздерде нәрестелік кезең қалай өтті?