Get Mystery Box with random crypto!

ТЕМПЕРАТУРА КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕЙСІЗ?! Қызу көтерілуімен барлық | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ТЕМПЕРАТУРА КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕЙСІЗ?!

Қызу көтерілуімен барлық ана кездеседі. Қанша тәжірибесі болса да, бала ауырған кезде бәрін ұмытып, не істерін білмей дал болып қалады.

басып, әрі қарай не істеу керегін оқыңыз!

Температура - ол ағзаның қорғаныс реакциясы. Сондықтан онымен күресудің қажеті жоқ.

Температураның қандай көрсеткіштерінде түсіреміз?

38,5 көрсеткіште температураны түсіру қажет.

Егер, баланың жасы 2 айдан кіші болса!
ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) патологиясы бар болса!
Алдыңғы жолы фебрильді тырысулар болса!
Жүрек және бүйрек аурулары болатын болса!
Онда температураны 37,5 болса да түсіреміз.

Қандай препараттармен түсіру қажет?
Педиатрияда осы мақсатта 2 препарат қолданылады: ПАРАЦЕТАМОЛ
ИБУПРОФЕН

Қандай жиілікте беру қажет?
Парацетамолды тиімділігі 4-6 сағат, ал ибупрофен 6-8 сағат сақталады.

Температура қашан түсе бастайды?
Тек 30-40-60 минуттан кейін

Препараттарды кезектестіру қажет пе?
Ондай қажеттілік жоқ. Яғни бір препаратпен түсіруге болады.

Температура қалыптыға түспеген жағдайда, не істеу керек?
Ол қалыпты. Ағзамыз бірден 36,6 дейін түсірмейді. Тек 1-1,5 градусқа түсіреді.

Білуіңіз керек тағы бір жағдай!
Қызбаның 2 түрі бар.
Екеуін ажырата білу өте маңызды. Себебі, баланың дене температурасы көтерілсе, екі жағдайда дене қызуын түсіру- екі түрлі болмақ.

1.Ақ қызба(белая лихорадка) - денесі, басы ыстық, аяқ-қолдары мұздай болады.
Бұл кезде баланың аяқ -қолына массаж жасап, дереу орап, көп мөлшерде сұйықтық беріп, ыстық түсіретін дәрі беруіңіз керек.

2.Қызыл қызба(красная лихорадка)
бала денесінің жылы немесе ыстық болуы
аяқ-қолдары жылы болады
терісі қызғылт, беті мен құлағы қызарған
дене қызуы жоғары болады.

Бұл жағдайда
баланы барынша жеңіл етіп шешіндіресіз, көп жылы су ішкізесіз, маңдайына салқындау шүберек қоясыз, дене қызуын түсіретін дәрі беру керек.

Балаңыздың қызуын түсіру үшін қандай әрекеттер жасайсыз? Нәтижелі методыңызбен бөлісіңіз!