Get Mystery Box with random crypto!

Жатырлық қан кету ⠀ Жатырлық қан кету - эндокринді жүйелерді | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Жатырлық қан кету

Жатырлық қан кету - эндокринді жүйелердің регуляциясының бұзылысы.

Жатырлық қан кетуге жатады:
Етеккір циклінің 10 күннен асатын көп мөлшерлі қан кетуі.
Етеккір циклі бұзылысы 21 күн сайын қайталанып келуі.
Қан кету мөлшері 80 мл жоғары болуы

Себептері:
Жатыр аурулары(миома, полип, эндометриоз)
Жүктілік, жүктілікті тоқтату шаралары
Ісік
Күйзеліс ( стресс )
Эндокринді жүйе аурулары
Жыныс мүшелерінің қабынулық аурулары
Инфекциялық аурулар
Қан жасау жүйесінің аурулары
Қалқанша безі қызметі бұзылуы
Эктопиялық жүктілік (жатырдан тыс жүктілік)
Пузырный занос (ұрық қабығының хорионның цистаға айналуымен сипатталатын ұрық жұмыртқасының бұзылысы)
Бауыр аурулары

Жатырлық қан кету- анемияға алып келеді!

Егерде жатырлық қан кетуге жататын 3 белгі болса, жоғарыда айтылып кеткен, міндетті түрде гинеколог дәрігерге қаралып, себебін анықтау Себебіне қарай еміде әр түрлі болады! Үй жағдайында емделмеңіз!

Анализдер тапсыру керек:
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Биохимиялық қан анализі + сарысулық темір, ферритин
Коагулограмма - қан ұю жүйесін бағалау
Тағы қосымша инфекцияларға анализдер

Зерттеу:
УЗИ - кіші жамбас қуысын
ЭКГ- жүрек қызметін тексеру
УЗИ- қалқанша безін түсіру

Консультация:
Терапевт
Гинеколог
Эндокринолог

Жатырлық қан кету кезінде халық емін қолданудан бас тартып, дәрігерге жүгінгеніңіз дұрыс болады!

Жатырлық қан кетудің алдын- алу шаралары:

Спорт - денсаулық кепілі! Спортпен айналысу.
Вакуум жаттығуын үйреніп, күнделікті жасап жүру: кіші жамбас қуысындағы мүшелердің қанайналымын қалпына келтіреді.
Артық салмақты тастау.
Интимді гигиенаға көңіл бөлу: сусабындарды, төсемелерді қолдану критерийлерін ұстану.
Жүктіліктен қорғану дәрілерін сақтықпен қолдану.
К және Д витаминдерін тағамдар мөлшерінен қабылдау.

Вакуум жаттығуы жайлы білесіздер ме?