Get Mystery Box with random crypto!

Тұмау кезінде мұрынды немен шаю керек? Ең алдымен балалар мұ | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Тұмау кезінде мұрынды немен шаю керек?

Ең алдымен балалар мұрнының анатомиясына тоқтала кетсек:
төменгі мұрын жолы 4 жасқа қарай қалыптасады, сондықтан вирус түссе мұрын бітеледі, құрғақ болса да мұрын бітеледі.

Мұрын қуыстары нашар дамыған, олар 5-6 жаста дамып, жетіледі. Сондықтан 5-6 жасқа дейін балаларда гайморит, синусит болмайды.

Ал тұмау кезіндегі ринит- балалар арасындағы ең көп тараған жағдай. Ол кезде мұрынның шырышты қабаты ісініп, көптеп шырыш бөліп, демалу қиындайды. Осы кезде теңіз суы ерітінділерімен мұрынды шаю керек.

Мұрынды шайған кезде не болады?
Мұрында жиналып қалған шырыш тазаланады.
Микробты күштеменің деңгейі төмендейді.
Қабыну медиаторлары шайылады.
Қабыну медиаторы дегеніміз- инфекциямен күрес кезінде иммунды жасушалардан бөлінетін зат. Осылар шырышты қабатты ісінуін туындатады.
Мұрынның шырышты қабатындағы түктер өз жұмысын жақсы атқара бастайды. Тыныс алу жолдарындағы шаң-тозаң, бөгде заттар өтпеуін осы түктер қорғайды.
Егерде тұмау басталғанда мұрынды тұзды су ерітіндісімен тазалап отыратын болсаңыз, аурудың жеңіл өтуіне және тез жазылуына ықпал етесіз.

Мұрынды шаюға болатын ерітінділер:
Физ. ерітінді (0,9%NaCl) тек натрий мен хлор иондарынан тұрады. Антисептикалық тазалаушы эффект көрсетеді.
Теңіз суы ерітіндісі (аквамарис)- күнделікті баланың мұрнын тазалауда мұрынның шырышты қабатын ылғалдандырады, шырышты қабаттағы микроағзалардан тазалайды, тұмаудың алдын- алуда және емдеуде қолдануға болады.

Егерде үйде Аквамарис, физ ерітінді болмаса, үй жағдайында тұзды суды дайындап қолдануға болады. . Ол үшін 1л ыдысқа қайнаған су құйып, 1 шәй қасық тұз салып араластырып ерітінді дайындайды. Сол ерітіндімен мұрын шая беруге болады.

Постым пайдалы болды ма? Ендеше осы постты өзіңізге сақтап алуыңызға болады. Және де осы ақпарат қажет болады деген құрбыларыңызға репост жасауды ұмытпаңыз.