Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-07-17 12:45:29
Мемлекет басшысы Мөлдір Бекееваның ісін бақылауға алды

Өзіне қол жұмсамақшы болған Мөлдір Бекеева Президентке хат жолдаған еді. Азаматша өзінің Facebook-парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласы Полиция департаментінің экс-баспасөз хатшысы істі бақылауға алғанын хабарлады.

"Қадірменді қауым, менің арызым бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбековке қарсы қозғалған қылмыстық іс "негізсіз" қысқартылып кеткенін білесіздер! Бұл жайттың Мемлекет басшысының тікелей бақылауына алынғаны туралы қазір маған жеделхат келді! Бас Прокуратурадағы "Ерекеңнің" қолымен және тікелей мұрындық болуымен бұл іс қысқартылып кеткен шығар, "Ерекең барда - не қам бар?!", деп сеніп отыратын еді ғой… Ал енді ел Президентіне жолдаған менің ашық хатымды құдағиы - Әнипа Назарбаева да жаба алмайды деп ойлаймын!", – деп жазды ол.

@azattyqtany
33 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 08:25:19
Тоқаев цифрландыруды дамыту туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда цифрландыру, инновацияны дамытып, ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік беретін құжатқа қол қойды.

Заңнама электронды құжаттар олардың қағаздағы баламасымен тең қолдануға мүмкіндік береді әрі цифрлық құжаттар сервисінің қолданылу аясы кеңейтіледі.

Сондай-ақ ауылдық жерлердегі байланыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді арзандату көзделіп отыр.

@azattyqtany
19 views05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 12:20:30
Нұр-Сұлтанда жұбайынан зорлық көретін әйелдер көбейген

Елордада жыл басынан бері 2 мыңнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Оның 100-ден астамына қылмыстық іс қозғалған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бұрын 102 нөміріне күніне 20-30 адам хабарласатын еді. Елде карантин басталғалы бұл көрсеткіш 50-ге жуықтаған. Қоңырау шалатындардың дені отбасындағы жанжалдарға шағымданады екен. Жәбір көрген әйелдердің 90%-ын ішімдік ішкен күйеулері сабаған.

"Әйелге өзінің құндылығын, бағасын сезінуді үйретпегендіктен, болып жатқан зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Себебі оған бала күнінен бұл қалыпты жағдай емес деп ешкім түсіндірмеген. Тіпті, бұндай жиі зорлық-зомбылықты өзінің отбасында да көрген болуы мүмкін", — дейді психолог Лаура Жексембаева.

Қазіргі таңда Парламент депутаттары отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша заң жобасын қарап жатыр.

@azattyqtany
20 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 07:17:01
Қазақстанда Ashyq жүйесі қайтадан енгізіле ме?

Елде эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін Ashyq қосымшасы қайта іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

"Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Ashyq жүйесі "қызыл" аймақтағы өңірлерде енгізіледі. Егер елдегі эпидемиологиялық жағдай ушықса, ведомствоаралық комиссияда Ashyq жүйесін енгізу мәселесін талқылаймыз. Онда бизнес мүшелері де болады", — деді министр.

Ashyq — Цифрлық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен отандық ІТ-компания әзірлеген арнайы қосымша. Ол қоғамдық орындарға кіретін азаматтардың статусын анықтауға мүмкіндік береді.

@azattyqtany
21 views04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 15:29:01
Қазақстандық Альфа-Банктен санкциялар алып тасталды

Бұған дейін АҚШ санкциясына ұшыраған "Альфа-Банк Қазақстаннан" банктің жекелеген қызметтеріне, қолма-қол ақшаны алу мен аударуға шектеулер алып тасталды.

7 сәуірде банк хабарлама жариялап, доллар мен еуродағы аударымдарды тоқтату, Visa және MasterCard карталарын өз желісінен тыс қолдануды тоқтату, қолма-қол ақша алу мен аударуға тәулігіне екі миллион теңге мөлшерінде шектеулер енгізілгені, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға несие беруді тоқтата тұру туралы хабарлады.

Еске салайық, мамырда "Банк ЦентрКредит" ресейлік банктің қазақстандық бөлімшесін сатып алу келісімін жасады.

@azattyqtany
28 views12:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:44:01
Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаған рейдерлік топ әшкереленді

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танымал кәсіпкерлерді ұзақ уақыт бойы бопсалап келген бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратына сәйкес, қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.

Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

@azattyqtany
35 views08:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 10:05:00
Тоқаев елде Ресейден кеткен компаниялар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ресейден кеткен шетел компаниялары Қазақстанға келуі үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

"1400 ірі шетел компаниясының екіден бірі қызметін тоқтатты немесе Ресей нарығынан толық кетті. Үкімет олардың Қазақстанға шоғырлануы үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл бізге қайта өңделетін тауарларды өндіруге жақсы мүмкіндік береді", — деді мемлекет басшысы.

Украинадағы жағдайдан кейін шетел компаниялары Ресейдегі бөлімшелерінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтатқан. Олардың арасында халықаралық дүкендер желісі, құрылыс, шаруашылық заттарын сататын, парфюмерия өнімдерін сататындар бар.

@azattyqtany
9 views07:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:29:15
7 жастағы баланы зорлаған педофилге сот үкімі шықты

Түркістан облысында жеті жасар баланы зорлаған үш баланың әкесі жазасын жеңілдетуді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырмай, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Зорлықшының анасы айыпталушының бұл оқиғаға мүлдем қатысы жоқ екеніне сенімді, істі қайта қарауды сұраған. Апелляциялық алқа сот шешімін әділ деп тауып, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Сот тергеуі барысында анықталғандай, Шұбарсу ауылында үйге бара жатқан ол Аламан көшесінің бойында ойнап жүрген баланы көреді. Ол балаға жақындап келіп, өз үйіндегі ұлымен бірге ойнауға шақырады. Сөйтіп, баланы алдап үйіне кіргізген. Үйге жете салысымен баланы етпетінен жатқызып, екі қолын жылу құбырына қойған соң, оның дәрменсіздігін пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған", — делінген хабарламада.

Зорлаушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

@azattyqtany
20 views05:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 16:15:37
Зайсан ауданындағы газ Қытайға экспортталады ма

Сарыбұлақ кен орнындағы газ Қытайға экспортталмайды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Қала басшылығының айтуынша, қазіргі таңда 328 млн газ қоры қалды. Оның барлығы халыққа беріледі. Әкімдік "Тарбағатай Мұнай" компаниясымен келісімге келді, оған сәйкес бірде-бір газ сыртқа кетпеуі қажет. Түгелі дерлік әлеуметтік салаға кетеді.

Сондай-ақ әкім кенде барлау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

@azattyqtany
8 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:21:33
Президент киікті атуға қарсы шықты

Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында Экология министріне сөгіс жариялады. Ол ведомство басшысынан киіктердің санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті.

"Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс. Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет", – деді президент.

Осыған дейін елімізде киіктердің саны күрт көбейіп, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларды шығынға батырып жатыр деген себеппен олардың санын реттеу мәселесі көтерілген еді.

@azattyqtany
15 views12:21
Ашу / Түсініктеме