Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Мөлдір Бекееваның ісін бақылауға алды Өзіне | Азаттық таңы

Мемлекет басшысы Мөлдір Бекееваның ісін бақылауға алды

Өзіне қол жұмсамақшы болған Мөлдір Бекеева Президентке хат жолдаған еді. Азаматша өзінің Facebook-парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласы Полиция департаментінің экс-баспасөз хатшысы істі бақылауға алғанын хабарлады.

"Қадірменді қауым, менің арызым бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбековке қарсы қозғалған қылмыстық іс "негізсіз" қысқартылып кеткенін білесіздер! Бұл жайттың Мемлекет басшысының тікелей бақылауына алынғаны туралы қазір маған жеделхат келді! Бас Прокуратурадағы "Ерекеңнің" қолымен және тікелей мұрындық болуымен бұл іс қысқартылып кеткен шығар, "Ерекең барда - не қам бар?!", деп сеніп отыратын еді ғой… Ал енді ел Президентіне жолдаған менің ашық хатымды құдағиы - Әнипа Назарбаева да жаба алмайды деп ойлаймын!", – деп жазды ол.

@azattyqtany