Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2022-07-11 15:46:12
Қарағандыда мектептің төбесі опырылып түсті

Қарағандыдағы №50 орта мектептің төбесі опырылып, ортасына түсті. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер болмаған. Қалалық білім бөлімі мектептің ескі екенін, салынғанына 60 жыл болғанын айтады. Алайда мектеп басшылығының айтуынша, шатырды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарда болмаған.

Құрылыс компаниясы екі аптадан бері спортзалдың ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, яғни қабырғаларды сырлап, төбені әктеп, еденді ауыстырып жатқан. "Мектеп ғимаратында апат белгілері болған жоқ. Қабырғалардың жарылуы, іргетастың шөгуі байқалмаған", — дейді Қарағанды қаласының білім бөлімі өкілдері.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасымен комиссия құрылды.

@azattyqtany
34 views12:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 14:31:11
Каспий құбыр консорциумының жұмысы қайта жанданады

Краснодар облыстық соты төменгі соттың Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтата тұру туралы шешімін 200 мың рубль айыппұлға өзгертті.

Сот 5 шілдеде құжаттық экологиялық бұзушылықтар анықталғаннан кейін компанияның қызметін 30 тәулікке тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Консорциумға оларды 30 қарашаға дейін жою туралы нұсқама берілген.

"Новороссийск Приморск аудандық сотының 2022 жылғы 5 шілдедегі КҚК қызметін Әкімшілік тоқтата тұру туралы қаулысы өзгертілсін. Жазаны 200 мың рубль көлемінде айыппұлмен алмастырыңыз", — деді судья.

@azattyqtany
36 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 08:28:06
Собчак Рыбакина туралы: «Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі»

Оның бұл пікірі Рыбакинаның жеңісін Ресейдің жеңісі деп жүрген әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларға жауап болды.

Ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның “Уимблдондағы” сенсациялық жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Оның бұл пікірі Рыбакинаның жеңісін Ресейдің жеңісі деп жүрген әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларға жауап болды.

“Бұл – Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өзімізді алдамайық. Ресейде оған ешкім мүмкіндік бермеді, сондықтан үлкен турнирлерге қатыса алмады. Оған жеңіске жету мүмкіндігін берген – Қазақстан”, – деді Собчак.

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина “Уимблдон” турнирінде тарихи жеңіске жеткен болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіге хабарласып, жеңісімен құттықтады.

@azattyqtany
42 views05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:56:12
Синдзо Абэнің өлімінен кейін екі күннен соң оның партиясы жеңіске жетті

Архипелагтың батысындағы Нара қаласында Жапонияның танымал саясаткерлерінің бірі Абэге қастандық жасалуы елді және әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді. Бұрынғы премьер-министрге жасалған шабуыл туралы хабарға байланысты әртүрлі партиялар өз қызметін қысқа уақытқа тоқтатқаннан кейін, сенбіде науқан күшейтілген қауіпсіздікпен жалғасты.

Еске салайық, Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 8.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды.

@azattyqtany
45 viewsedited  04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:54:20 Жапонияның экс премьер-министрі қайтыс болды

Жапонның бұрынғы үкімет басшысын Токиодағы іс-шара кезінде белгісіз біреулер атып кетті.

Ол бұдан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер өлімнен арашалап қала алмады.

Оқыс оқиғадан соң Жапония үкіметінің бас хатшысы Мацуно мәлімдеме жасап, жағдай бақылауға алынғанын айтты. Тіпті ресми сапармен жүрген елдің қазіргі премьері Фумио Кисиде кеңсесіне оралып, мәлімдеме жасайтынын хабарлаған. Сонымен бірге, шетелде жүрген үкімет мүшелері де елге шұғыл шақырылғаны белгілі болды.

@azattyqtany
10 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 11:33:39 Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Кәсіпкер 17 наурызда ұсталды. Ол аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, Forbes тұжырымы бойынша Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең дәулетті 50 бизнесменнің қатарына кірді.

Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм жиені Айсұлтанмен некеде болған.

@azattyqtany
23 viewsedited  08:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 08:35:47
Жапонияда бұрынғы премьер-министрге оқ атылды

Белгісіз біреу Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге Нарадаға оқ жаудырды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы беймәлім. Сол жақ кеудеден екі оқ тиген.

Шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Экс-премьердің өміріне не себепті қастандық жасалғаны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарды. Осы мерзімде либерал-демократиялық партияның төрағасы болды.

@azattyqtany
38 viewsedited  05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 07:41:48
Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды

Бұл туралы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми каналында хабарлады. “Қарақалпақстанда жүрген Қазақстан азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Ведомство байланысу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болатынын мәлім етті: +9989 61 224-82-06, +99899 385-86-44. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. Одан бөлек келесі мекенжайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А. Штаб Қарақалпақстан ІІМ-нің көші-қон және азаматтықты рәсімдеу басқармасының үшінші қабатында орналасқан. Еске сала кетсек, бұған дейін Қарақалпақстандағы тәртіпсіздік салдарынан 50-ге жуық қазақстандық Өзбекстан шекарасында тұрып қалған еді.

@azattyqtany
49 views04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 09:03:24 Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Азамат Батырбаев сотталды

Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны 4 жыл 6 айға шартты түрде сотталды.

Еске салсақ, Батырбаев қаңтарда Талдықорғанда болған тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол орталық алаңда орнатылған Назарбаев ескерткішін бұзу кезінде жүк көлігін жүргізген.

Кейінірек Батырбаевтың аяусыз азапталғаны туралы ақпарат қоғамды дүрліктірді.

Ер адам тәртіп сақшылары үтікпен азаптағанын айтты, содан кейін полиция қызметкерлерінің бірі ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

@azattyqtany
38 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 07:23:25
Алакөлдегі өрт: күлі қалған демалыс орындарына мемлекеттен қаржы төлене ме?

Жалпы бір тәулік бойы өртенген төрт демалыс базасында жиырмаға жуық нысан жанып кетті.

Құрылған арнайы комиссия шығынды есептеп жатыр.

Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов: «Қазір Алакөл жағалауында 207 база қалыпты түрде қызмет көрсетуде. Төрт демалыс орнында өрт болған. Қазіргі күні мемлекеттік комиссия жұмыс атқарып жатыр», – дейді.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге анықталған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Шығынға баттық деген кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдаудың болар-болмасы әзірге белгісіз.

@azattygtany
43 views04:23
Ашу / Түсініктеме