Get Mystery Box with random crypto!

Президент киікті атуға қарсы шықты Мемлекет басшысы үкіметтің | Азаттық таңы

Президент киікті атуға қарсы шықты

Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында Экология министріне сөгіс жариялады. Ол ведомство басшысынан киіктердің санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті.

"Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс. Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет", – деді президент.

Осыған дейін елімізде киіктердің саны күрт көбейіп, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларды шығынға батырып жатыр деген себеппен олардың санын реттеу мәселесі көтерілген еді.

@azattyqtany