Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-07-14 09:55:21
Түркістандық мүгедектердің құқығы тапталып жатыр

Түркістан облысының прокурорлары арнайы тексеру кезінде мүгедектікке шығаруда заңсыздыққа жол берілгенін анықтады.

Прокурорлардың айтуынша, өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары бұзылған одан да басқа деректер баршылық екен. Оңалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектер керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген, жұмыспен қамту үшін белгіленетін квоталар мерзімінде белгіленбеген, оларды тек формальды түрде жүргізген деседі.

Әсіресе Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Арыс, Түркістан қалаларында биылдың өзінде квота уақытылы белгіленбеген. Бірқатар лауазымды азаматтар тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды. Сондай-ақ заңсыз мүгедектік тағайындау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

@azattyqtany
32 views06:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:26:37
15 құрылыс компаниясы пәтер бағасын негізсіз қымбаттатқан

Қазақстанда 15 ірі құрылыс компаниясы пәтерлердің бағасын негізсіз 20%-ға қымбаттатқан. Олардың 14-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, біреуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті.

Өзара келісе отырып, баспана бағасын қымбаттатқан компаниялар арасында аты шулф "Базис-А" мен "Bi Group" бар. Елордадағы “Орда Строй Групп” серіктестігі, агенттіктің ескертуіне құлақ аспағандықтан, қазір тергеу жүріп жатыр. Ал қалған құрылысшылар ескертуден кейін баспана бағасын 15-20%-ға төмендеткен.

@azattyqtany
46 views05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 16:00:00
Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі ұсталды

Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі – Нұрлан Мәсімов қолға түсті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

"Осы жылдың 13 шілдесінде антикоррупциялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады", - делінген хабарламада.

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

@azattyqtany
27 views13:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:06:26
Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім шықты.

Ол 366-баптың 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде пара алу" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Махажанов МЖӘ аясында Кентау қаласындағы автомобиль жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорының сенім білдірілген адамдары арқылы 98 500 АҚШ доллары (баламасы 42 500 000 теңге) көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

@azattyqtany
31 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 12:24:11
Екібастұз әкімі отставкаға кетуге дайын

Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев орынбасарының пара алғаны үшін өзінің отставкаға кетуге дайын екенін мәлім етті.

Осыған дейін сот қала әкімінің орынбасары болған Бауыржан Ахметовті мемлекеттік сатып алу кезінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыптап, 8 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Қала әкімі қол астындағы қызметкерінің әрекеті үшін жауапкершілік арқалауға дайын екенін жеткізді.

"Өздеріңіз білетіндей заң бойынша менің қарамағымдағы қызметкер істі болғаны үшін отставкаға кетуге міндеттімін. Бірақ, бұны енді басшылық шешетін болады. Егер басшылық талап етсе, мен қызметімнен кетуге дайынмын", — Қаңтарбаев.

@azattyqtany
18 views09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:51:49
Көкшетау: полицейлер кәсіпкерден 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"2022 жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. 9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", — деп хабарлады агенттік.

@azattyqtany
30 viewsedited  05:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:28:08
Сараптама қырғыз музыканты Рузахуновқа ауыр зақым келгенін көрсетті

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының Ленин аудандық ішкі істер бөлімі Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы кезінде соққыға ұшыраған музыкант Викрам Рузахунов ісі бойынша тергеуді аяқтады.

"Сараптама денсаулығыма ауыр зақым келгенін көрсетті. Жиналған материалдар кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін Қырғызстанның бас прокуратурасы арқылы Қазақстанға жіберіледі", – деп жазды ол өзінің Facebook-парақшасында.

Осыған дейін қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты Қазақстанның құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғасы кезінде ұстап, ұрып-соққаны туралы белгілі болды.

@azattyqtany
31 views12:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 12:06:01
Еуроодақ Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі

Еуроодақ Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы ұйым ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өткен кездесуде мәлімдеді.

Тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу туралы сөз қозғалды.

Антикор басшысы Олжас Бектенов қазіргі уақытта 171 іс аяқталып,177 іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

@azattyqtany
33 views09:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:30:28
Коммуналдық кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды

Атырау облысының "Жылыойсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңды айналымға тартумен заңдастырған.

"Жергілікті халыққа көрсеткен коммуналдық қызметтері үшін мекеменің кассасына түскен қолма-қол қаражатын аса ірі мөлшерді талан-таражға салып, жымқырып, барлығы 126 млн теңге залал келтірген", — деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Мекеме басшысы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына, бас бостандығынан 6 жылға айырылды.

@azattyqtany
35 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 08:49:08
Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина елге оралды

11 шілде күні Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаны Нұр-Сұлтанға келді. Жанкүйерлер спортшыны елорда әуежайында қарсы алды.

Теннисші жас жанкүйерлерге қолтаңба қалдырып, қазақтың ұлттық тағамдары - қымыз бен бауырсақтан дәм татты.
"Мені қолдаған, осында келген баршаңызға алғысым шексіз. Ертең баспасөз жиыны өтеді, барлық сұраққа қуана жауап беремін. Келгендеріңізге көп рақмет!" — деді Рыбакина.

Спортшының айтуынша, 12 шілде күні баспасөз мәслихаты өткізіледі, барлық сұрақтарға сонда жауап береді.

@azattyqtany
39 views05:49
Ашу / Түсініктеме