Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев елде Ресейден кеткен компаниялар үшін қолайлы жағдай жа | Азаттық таңы

Тоқаев елде Ресейден кеткен компаниялар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ресейден кеткен шетел компаниялары Қазақстанға келуі үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

"1400 ірі шетел компаниясының екіден бірі қызметін тоқтатты немесе Ресей нарығынан толық кетті. Үкімет олардың Қазақстанға шоғырлануы үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл бізге қайта өңделетін тауарларды өндіруге жақсы мүмкіндік береді", — деді мемлекет басшысы.

Украинадағы жағдайдан кейін шетел компаниялары Ресейдегі бөлімшелерінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтатқан. Олардың арасында халықаралық дүкендер желісі, құрылыс, шаруашылық заттарын сататын, парфюмерия өнімдерін сататындар бар.

@azattyqtany