Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-26 07:52:51
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бөлігі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Фото: egemen.kz

@azattyqtany
56 views04:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 14:10:01
ҰҚК Мәсімовке қатысты тергеуді аяқтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқаны айтылды.

Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды.

@azattyqtany
54 views11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 11:58:01
Теңіз кенішінде бір жұмысшы қаза тапты

Теңіз кенішінде жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға Теңіз кенішінің Өркен вахталық кентінің аумағында орын алды.

Пневматикалық сынақ кезінде "шланг" жарылып кетіп, жұмысшы қаза тапты. Қаза тапқан жұмысшы Infra Del Projects компаниясында жұмыс істеген.

Қазіргі таңда кен орнында барлық жұмыстар тоқтатылған.

@azattyqtany
55 views08:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 08:15:01
Тоқаев Әзербайжан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мемлекетінің басшысын "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды", — делінген хабарламада.

Фото: akorda.kz

@azattyqtany
54 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 15:24:32
Оқушылар көлікпен жарысып апатқа ұшырай жаздады

Балалардың бірі өзінің көлік тізгіндеп келе жатқанын видеоға түсіріп алған.

Бейнежазбада жасөспірім қасындағы су жаңа көлікпен жарысу үшін жолға шыққандарын айтады. Ал жарысқа түскен келесі автомобильдің рөлінде де жас баланың отырғаны байқалады. Содан соң олар жолсыз жермен көлікті ұйытқыта жөнеледі. Тіпті жасөспірімдер тізгіндеген көліктердің соғысып қала жаздағаны көрінеді.

Оқушылардың көліктерімен жарысқан жолға қарағанда, бұл қаланың сыртында немесе ауылдық жерлерде болғанға ұқсайды.

Фото: Видеодан кадр

@azattyqtany
58 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 13:07:01
Алматыда қайтыс болған сарбаз туралы тың мәлімет айтылды

ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев 21 жастағы қатардағы жауынгер Абылай Сабыров Макаров тапаншасынан өзіне оқ атқанын мәлімдеді.

"Мен толық жауапкершілікпен айтамын, оған ешқандай моральдық әрі физикалық қысым көрсетілген жоқ. Тіпті, онымен бірге қарауылға туған жездесі түсті", — деді Ұлттық ұлан полковнигі.

Қайғылы оқиға қатардағы жауынгер Абылай Сабыров стратегиялық маңызы бар нысанды күзетіп тұрған кезде болған.

Бұл Ұлттық ұлан қатарындағы бір айдағы екінші өлім. Осыдан екі апта бұрын Алматы облысындағы полигонда әскерге шақырылған сарбаз Алмас Шахимов қайтыс болған еді.

@azattyqtany
52 views10:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 09:52:01
Сенат депутаттығына жаңа облыстардан сайлау өтеді

24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді.

Сенат депутаттарын мәслихат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады. Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.

Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген. Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады.

@azattyqtany
82 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 07:15:02
Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапармен барады

24 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар кездесу барысында екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.

Фото: Reuters

@azattyqtany
80 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 15:23:02
"Өзін-өзі тану" пәнін міндетті пәндер тізімінен алынатыны заңмен бекітіледі

Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы бұйрықты жоюды ұсынды. Демек пән жалпыға міндетті мектеп бағдарламасынан алынуы мүмкін.

2022 жылдың ақпан айында министрлік "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті бағдарламадан алып тастап, факультативтік пәндер санатына көшіруге ниетті екенін мәлімдеген.

Енді пәннің міндетті емес екенін білдіретін мәртебесі заңмен бекітілмек.

Еске салсақ, "Өзін-өзі тану" мектептердегі міндетті пән тізімінен шығарылған еді. Ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түскенін министрлік хабарлаған болатын.

@azattyqtany
76 views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 13:19:02
Шенеуніктер қалай байып шыға келеді?

Есеп комитетін басқарған мемлекет және қоғам қайраткері, экс-депутат Омархан Өксікбаев мемлекеттік қызметтегі азаматтар қалай тез байып кетеді дегенге тоқталды. Тіпті кәсіпті туыстардың атына тіркеу мәселесі жайлы да бірқатар құпияны ашты.

Омархан Өксікбаев мемлекеттік қызметтегі адамдардың байып кету мәселесіне "Сұрауы бар" бағдарламасында жауап берді. Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі көптеген шенеунік сол қызметі арқылы қалталарын қампайтқан.

Сонымен қатар, Өксікбаев мемлекеттік қызметкер міндетті түрде кәсібін туыстарының атына жазатынына тоқталды. Бірақ декларация кезінде сол бизнес туыстарында бұрын болды ма, жоқ қызметке отырған кезінде пайда болды ма, соны тексерсе, бірден белгілі болады дейді. Бұл мәселеде биліктің ерте бастан тізгінді жіберіп қойғанын сынға алды.

Фото: Видеодан кадр

@azattyqtany
68 views10:19
Ашу / Түсініктеме