Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда Ashyq жүйесі қайтадан енгізіле ме? Елде эпидемиол | Азаттық таңы

Қазақстанда Ashyq жүйесі қайтадан енгізіле ме?

Елде эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін Ashyq қосымшасы қайта іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

"Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Ashyq жүйесі "қызыл" аймақтағы өңірлерде енгізіледі. Егер елдегі эпидемиологиялық жағдай ушықса, ведомствоаралық комиссияда Ashyq жүйесін енгізу мәселесін талқылаймыз. Онда бизнес мүшелері де болады", — деді министр.

Ashyq — Цифрлық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен отандық ІТ-компания әзірлеген арнайы қосымша. Ол қоғамдық орындарға кіретін азаматтардың статусын анықтауға мүмкіндік береді.

@azattyqtany