Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 24

2021-04-21 09:39:14
Ұзын-саны 1500 әшекей бұйым жинаған екенмін. Шынын айтсам, ешбірін бағалатып көрмеппін.

Бұл сонау Сақ бабаларымыздан бері үзілмей келе жатқан ерекше өнер. Олай дейтінім, 2 мың жылда семиотикасы (белгі, ою, таңба) мен зергерлік техникасы аса өзгермеген шеберлік болса, ол осы Орта Азияда ғана бар дүние.

Осыдан 14-15 жыл бұрын болу керек, Алматының әкімі боп тұрған кезім… Ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергке ұсыныс жасадым. Ол өзі әйгілі зергер Карл Фаберженің қолынан шыққан «пасхалық жұмыртқалар» дейді ғой, осындай бұйымдардың үлкен коллекциясын сатып алған азамат.

Міне, осы коллекцияның Алматыдағы көрмесін ұйымдастырайық дедім. Бірден келісе кетті. Бірақ, көрмені басқа жерде емес, Орталық мемлекеттік музейде, оның ішінде «Сақ дәуірі» залында өткізейік деп шештік. Ондағы ойым – әлемге жарнамасы озған «Фабержені» көруге келген ел, қасында тұрған 2 мың жыл бұрын инемен иіп, аса зор кірпияздықпен түйіп жасалған Сақ алтынын салыстырсын…

Иманғали Тасмағамбетов
177 views06:39
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 13:58:54
"Шатаспау керек, Қазақстанда тек бiр ұлт қана бар. Қалғандары этностық топтар ғана."
(с) Мұрат Әуезов
495 views10:58
Ашу / Түсініктеме
2021-03-19 08:24:14
Қарағандының Рухани Жаңғыру кеңсесі, әлі де қоймай жүр. Өткенде пандемияға қарамастан, заң бұзушылықтар, атап айтқанда карантин талаптарын бұзу байқалған болатын.

Осы ретте, жуырда "Әз Наурыз" атты айтыс ұйымдастырылды. Сахнадағы айтыскерлерге қарағанда, бетперде ешкім тақпаған екен. Демек кезекті рет заңға, карантинге түкіргенін түсінуге болады. Ал әлеуметтік арақашықтық деген мүлдем байқалмайды.

Осыларды неге құзырлы мемлекеттік органдар байқамайды да, ал шағын және орта бизнес шамалы болса да жұмыс істеу үшін, әрдайым кедергі келтіріп отырады. Бизнеске деген қысым үдеп барады.

Ал билікке қарсы ештеңе істей алмайды. Осы жазбаны құзырлы органдар көреді деп үміттенеміз де, қолданылған жазалау шараларын күтетін боламыз.
414 views05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-03-11 08:14:23
Мексика Парламентінің депутаты пікірталас кезінде барлық киімдерін шешіп тастап: «Сіздер менің жалаңаш түрімді көруге ұяласыздар, бірақ сіздер елдің бар ақшасын, денсаулығымен байлығын ұрлап, халықтың көшеде жалаңаш, жалаңаяқ, шарасыз, жұмыссыз және аш жүргенін көруден ұялмайсыздар» деді.

Р.S. Бізден де осындай жүрек жұтқан бір депутат шығар ма екен?
529 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2021-03-11 07:09:58
"Әрқайсына 19 миллион теңгеден". Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) қызметкерлері жалақысына жұмсалған қаражат туралы айтты.

Оның айтуынша, ӘМСҚ қолжетімді қаржылық есебін зерделейтін болсақ, басқарманың төрт мүшесіне шамамен 77 миллион теңге, әрқайсына 19 миллион теңгеден сыйақы төленген.
277 views04:09
Ашу / Түсініктеме
2021-03-11 06:51:38 ​​Сирия сойқанына 10 жыл толды. Соғыс Таяу Шығыстың құтын қашырып, Шамның астан-кестеңін шығарды. Сонымен сандар сөйлесін:
1. Соғыста ресми статистика бойынша 387 мың адам қаза тапқан. Бұл сырттан келген содырларды есептемегенде. Ал бейресми деректер бойынша оққа ұшқандар саны 700 мыңнан басталып, 1 млн арасында.
2. Соғыс салдарынан 5,6 млн адам сырт елдерге босып кетті. Босқындардың басым бөлігі Түркия, Ливан мен Иорданияға ағылған. Біразы Еуропа елдеріне барды. Ал Сауд Арабиясы мен БАӘ босқын қабылдаудан бас тартты.
3. Елдің ішіндегі босқындар саны 6,7 млн адамды құрайды. Олар ұрыс аймақтарынан елдің қауіпсіздеу өлкелеріне үнемі қоныс аударымен келеді.
4. Гуманитарлық көмекке 13 млнға жуық адам зәру. БҰҰ-ның мәліметіне сенсек, Сирияда күніне 12 млн адам тамақ іздеумен жүрсе, балалардың 60% ашыққандар қатарында. 2 млн халық кедейліктің ең соңғы шегінде өмір сүріп жатыр.
5. Жарақат алғандар саны ресми дерек бойынша 2.2 млн адам, ал із-түссіз жоғалғандар саны 200 мыңнан асады.
6. Қазіргі таңда Асад елдің 60% өз бақылауында ұстап отыр, онда шамамен 11-12 млн халық тұрады. Ал оппозициялық күштердің иелігінде тұратын халық саны 2 млн. Түрлі террорлық топтардың аймағында тұрып жатқан тұрғындар саны 1.5-2 млн адамды құрайды. Байқағандарыңыздай ел бөлшектеніп кеткен.
7. World Vision ұйымының есептеуінше Сирия соғысы ел экономикасына 1,2 трлн доллар шығын әкелген. Демек әр жыл сайын 120 млрд доллар шығын болған. Сұмдық көрсеткіш қой.
8. Cирияда 70% электр тоқтары істен шыққан. Соғыстың салдарынан түрлі маман иелері елден кетіп қалған, олардың ішінде 75% дәрігерлер. Елдегі ауруханалардың 58% ғана жұмыс істейді. 2.4 млн бала мектепке бармайды, ал мектептердің 67% қираған, әскери және террорлық топтардың базаларына айналдырылған.
255 views03:51
Ашу / Түсініктеме
2021-03-10 13:25:01 1. Қытайдың Шанхай қаласындағы "Tesla" заводына кеңею үшін жер жетпей жатыр. "Tesla" Қытай үкіметінен завод салу үшін жерді 50 жылға жалға алған. Сұраныстың артуына орай заводты кеңейту үшін тағы да қосымша жер телімдерін Қытай үкіметінен арендаға алу жоспарлануда.

2. Индия үкіметі Илон Маскке "Tesla" заводын біздің елден салса әрі тек қана Индия көлік тасушы компанияларымен жұмыс істесе мемлекет тарапынан компанияға жеңілдіктер мен кең көлемді субсидиялар берілетінін хабарлады.

3. Илон Масктің "Starlink" интернет желісін бүгінгі таңда 10000 адам қолдануды бастады. Жылдың соңына дейін әлемнің 25 елі "Starlink" интернетін қолдана бастайды деп күтілуде. Біз де ертерек Илон Масктің интернетіне жалғансақ дұрыс болады. Қазақ үкіметі шеше алмаған ауылдардағы интернет мәселесін Илон Маск шешетіні анық.

P.S. "Tesla" үшін Индия мен Қытай арасында бәсеке жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Егер "Tesla" таңғажайып жағдаймен Қазақстанға келемін деген ұсыныс тастаса Қытай 50 жылға жалға берсе біз 100 жылға жерді жалға ойланбай беруіміз керек деп ойлаймын.

Ол кезде "Отаным", "Жер қазақтікі" деген біздің қызубастарды тыңдап керегі жоқ. Өтірік әңгіме көп бізде. Сондықтан "Ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге жалға берілмейді, сатылмайды" деген заң жобасы дұрыс. Қазір не болашақта болсын әлемнің озық технологиясын, заводтарын тарту үшін жерді жалға беруге тура келеді. Бергің келмесе "Tesla" секілді заводтарды қазақтың өзі салуы керек. Бірақ оған бас жетпейді. Бас жетпесе басы жететіндерді жағдайын жасап еліңе шақырасың. Оны жасамасаң Орта Азия рыногына келемін дегендер сен бере алмағанды берген Өзбекстанға кетеді. Бұның басқа жолы жоқ. Реализм!

Бауыржан Серікбаев
766 views10:25
Ашу / Түсініктеме
2021-03-09 08:07:10
Алматыда демалыста феминистік ұйымдардың бастамасымен РҰҚСАТ етілген "әйелдер шеруі" өтті.

Адамның көптігі сонша, ертең оп-оңай үлкен саяси ұйымға айналатындай мүмкіндіктері бар екен.

Ал сіздер, феминистік ұйымды қолдайсыздар ма?!
256 views05:07
Ашу / Түсініктеме
2021-03-02 10:11:13
311 views07:11
Ашу / Түсініктеме
2021-03-01 14:13:48 Мұрат Әуезов, Ұлықбек Есдәулет, Олжас Сүлейменов бастаған бір топ ақын-жазушы түрмеде отырған диссидент, ақын Арон Атабекті босатуды сұрап, хат жазды.

Хатта авторлар ақынның соңғы кезде денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтып, босатуды сұраған. Оның 2006 жылы "әйгілі "Шаңырақ" оқиғасы бойынша жалған жаламен 18 жылға итжеккенге айдалып кеткені" айтылған.

"...Жан азабы өз алдына, түрмедегі қинау мен азаптаудың алуан түрін басынан кешірген Арон Атабектің денсаулығы бірнеше жылдан бері күрт нашарлап кетті. Жасы 70-ке таяған қарттың екі қол мүлдем көтерілмейді, жүректің ишемиялық ауруы қан қысымы, бүйрек-өкпе, буын ауруларына т.б. өміріне қауіп төндіретін, түрме жағдайында емделуге келмейтін кеселдерге душар болды. "Көзімнің тірісінде қадірле мені!.. Өлгесін басыма көк тас қойып, құрметтеп керек емес!" деген екен бір қарт назаланып... Сол айтпақшы, халық батырын көзі тірісінде бостандыққа шығарып, денсаулығын түзетуге жағдай жасасаңыз нұр үстіне нұр болар еді. "Елім-қазағым!" деп жанын шүберекке түйген батырымыздан тас зынданда айырылып қалсақ, арымызға сын болары хақ! Ұрпақ алдында ұятты болмайық, Президент мырза!" делінген хатта.

Хаттың соңына ақын-жазушы, журналистер - Ұлықбек Есдәулет, Олжас Сүйлейменов, Мұрат Әуезов, Бақыт Беделхан, Амантай Асылбек, Гүлжан Ерғалиева, Талғат Айтбай қол қойған. 2020 жылдың 25 желтоқсанында жазылды деп көрсетілген.

Адвокат Шынқуат Байжановтың сөзіне қарағанда, хат жазу туралы бастаманы Арон Атабектің жанашырлары, серіктестері көтерген. Хат биыл жіберілген, бірақ президент әкімшілігінен әзірге жауап болмаған.
Хатқа қол қойған кейбір ақын-жазушылар Азаттық тілшісіне "саяси санасы жоғары, ұлт ақыны Аронды босату керек, оны түрмеде азаптап, отырғызып қою - күнә" деген пікірді айтты.

- Ол - ірі тұлға. Оның ақындығы да бар. Саяси сана-сезімі жоғары деңгейде. Ұлтжанды. Сондай біртұтас тұлға. Осы жылдар ішінде ешкімнің алдына барып жалынып тізе бүккен адам емес. Сондай мықты тұлға. Мұндай азаматтар бізге өте керек, - деді Мұрат Әуезов.

"Хатқа президенттің құлақ түретініне сенесіз бе?" деген сұраққа ол "ол жағын айту қиын, бірақ ол мәселені шеше алатындар қоғам пікіріне құлақ түруі тиіс" деп жауап берді.

Атабек 2006 жылғы 14 шілдедегі Шаңырақ оқиғасынан кейін сотталған. Сол күні Алматы шетіндегі Шаңырақ шағын ауданының тұрғындары билік заңсыз соғылған деген үйлерді бұзуға келген полиция күштеріне қарсылық көрсетіп, қақтығыс болған. Салдарынан 24 жастағы полицей қайтыс болған. Билік оның өліміне бірқатар жергілікті тұрғында және сол күні Шаңырақта болған ақын, әрі диссидент Арон Атабекті айыптаған. Атабек 18 жылға, Құрманғазы Өтегенов 16 жылға, Ерғанат Тараншиев 15 жылға, Рүстем Тұяқов 14 жылға сотталды. Кейінгі екеуі 2018 жылы мерзімінен бұрын босатылды. Өтегенов 2013 жылы түрме әкімшілігі қызметкерлерінің "заңды талаптарына бағынбады" деп айыпталып, мерзімі екі жылға ұзартылды.

Арон Атабек түрмедегі жылдарының бәрі өзі тұратын Алматыдан тысқары жерде өткізді. Павлодар тергеу изоляторына оны 2014 жылдың сәуірінде ауыстырған.
2010 жылы Арон Атабекке "Тұтқындағы шығармашылық иесі" (Imprisoned аrtist) номинациясы бойынша Freedom to Create халықаралық сыйлығы берілген.

Еуропарламент жақында Қазақстан туралы қабылдаған қарарында "қазір қамауда отырған барлық белсенділер мен саяси тұтқындарды", соның ішінде Арон Атабекті дереу босатуға шақырған.
475 views11:13
Ашу / Түсініктеме