Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаған рейдерлік топ әшкереленді | Азаттық таңы

Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаған рейдерлік топ әшкереленді

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танымал кәсіпкерлерді ұзақ уақыт бойы бопсалап келген бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратына сәйкес, қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.

Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

@azattyqtany