Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-25 12:44:01
Қазақстанда пәтер жалдау құны қымбаттамақ

Қазақстанда жалға берілетін баспана құны тағы қымбаттайды. Сарапшылардың болжауынша, баға бірден 10-15%-ға шарықтайды.

Жылжымайтын мүлік мамандары биыл жалға берілетін баспанаға деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда еселеп артатынына сенімді. Олардың пікірінше, жақын арада тұрғын үйді сатып алуға көпшіліктің қалтасы көтермейді.

Оған қоса мемлекеттің пәтер ақысын субсидиялауы жалдамалы үйдің құнына әсер еткен. Бұл үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлінген болатын. Бағаның көтерілуіне ресейлік компаниялардың Қазақстанға көшуі де себеп дейді Қазақстан риэлторлар қауымдастығы өкілдері.

@azattyqtany
50 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 09:57:01
Тоқаев Сауд Арабиясы королін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

"Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті", — делінген хабарламада.

@azattyqtany
44 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 08:41:25
Тоқаев Меккеге барып қажылық етті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қағбаға кіріп қажылық етті. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасы хабарлады.

"24 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды" — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қағбаның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.

@azattyqtany
15 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 13:08:01
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді

21 шілдеде Еуропалық Одақ елдері Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін енгізді.

Ресейге қарсы шектеу шараларының жаңа пакеті "энергетикалық ресурстардан кейінгі ресейлік экспорттың ең маңызды элементі саналатын алтынды тікелей және жанама импорттауға, сатып алуға немесе беруге" тыйым салуды қамтиды. Тыйым Ресейден шыққан және елден экспортталатын алтынға қатысты.

Сондай-ақ, санкциялық тізімге 57 жеке және заңды тұлға енгізілді, олардың арасында Мәскеу мэрі Сергей Собянин, премьер-министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусов, "Ростех" басшысы Сергей Чемезов, сондай-ақ ресейлік актерлер Владимир Машков пен Сергей Безруков бар.

@azattyqtany
18 views10:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 07:21:01
Маркетингтік компания атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі Нұр-Сұлтан қаласында "World Business Consulting" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ұйым ұйымдастырушылары инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, тұрғындарға ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған.

Алаяқтар өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсеткен екен.

@azattyqtany
24 views04:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 11:41:01
Қант дауы: бағаны көтергендер қалай жазаланады

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда қант бағасын көтеретін сатушыларға ескерту жасалды.

Министрліктің сөзіне сенсек, қант сатушыларға қатысты 30 әкімшілік хаттама толтырылған. Арнайы мониторингтік топтар сауда субъектілерінің сауда үстемесі мөлшерін 15%- дан асырмауын бақылап отыр.

Өткен аптада азық-түлік өнімдері бойынша үй жанындағы дүкендерде 763 бұзушылық анықталды. Сауда үстемесі 4-15%-ға төмендетілді. Оның ішінде 204-4-бап бойынша 98 әкімшілік іс қозғалып, 1 айыппұл салынды.

Айта кетейік, елде бір келі қант 440-тан 537 теңгеге дейін сатылып жатыр. Кейбір өңірлерде тұрғындар тіпті қант тапшылығына шағымдануда.

@azattyqtany
29 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 07:13:01
Қайрат Боранбаевтың інісіне іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың ініс, бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады.

2017 жылы Мұрат Боранбаев "AlanParking" ЖШС басшысы болған. Бұ,ан дейін мекеменің басшысы Мұхтар Базарбаевтың бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ұсталғаны белгілі болды.

Кейін Алматыдағы ақылы тұрақтарды әкімшілендіру жұмысына жауапты болған "Алматы "СпецТехПаркинг сервис" директоры Марат Принбеков қамауға алынды. Артынан "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-ның 70%-ы және "AlanParking" ЖШС-інің 100% үлесі қала меншігіне қайтарылды.

Қазір барлық ақылы тұрақ коммуналдық меншікке жатады, одан түсетін табыс қала бюджетіне аударылып отырады.

@azattyqtany
38 views04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 14:14:01
Сотталушыны пара беруге итермелеген "генерал" ұсталды

Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген.

"20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімі бойынша өзін әскери генералмын деп таныстырған А.Әмрин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды", — делінген хабарламада.

Осыған дейін сотталған адам пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ол орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтейді.

@azattyqtany
32 views11:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:48:01
Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды

Елордада экс-мәдениет министрі, Қазақстан ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды.

Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің "Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етуге жол бермеу" бабы бойынша БАҚ өкілдері үшін шектеу енгізілген.

Айта кетейік, 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынды. Оны бюджет ақшасын жымқырды деп айыптап жатыр.

@azattyqtany
8 views06:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 08:59:01
Теңіз кен орнында жұмысшылар тамақтан уланды

Теңіз кен орнында 30-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалды. Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі уланғандардың кейбіреуі ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

"Іскер" мердігер компанияның 1 қызметкері құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және жалпы әлсіздікпен Жылыой орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оларға "орташа ауырлықтағы диарея" диагнозы қойылды. Теңіз кен орнындағы медициналық клиникада тамақтан уланған жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетілді. Ауруханада жатқандардың жағдайы орташа деп бағаланады", — делінген хабарламада.

Жұмысшылардың бәрі "КазПромСтрой Инжиниринг" ЖШС-ке қарасты асханада түскі ас ішкен. Тамақтану орнында сынамалар алып, ұлттық сараптама орталығына тексеруге жіберілді.

@azattyqtany
21 views05:59
Ашу / Түсініктеме