Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-07-22 07:36:00
Атығай Арыстанов Жетісу облысының полиция басшысы болды

Жетісу облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметіне Атығай Арыстанов тағайындалды.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды", — делінген хабарламада.

Полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда атқарған.

@azattyqtany
26 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:09:05
Павлодарда дала өрті өршіп тұр

Ертіс өңірінде соңғы үш айда 100-ге жуық орман және 145 дала өрті болған. Төрт мың гектар алқап жанып кеткен.

Мамандардың пайымдауынша, оттың тұтануына адамдардың салғырттығы мен найзағай себепші. Қазір шаруа қожалықтары қысқы мал азығын дайындап жатыр. Осыған орай, құзырлы мекемелер өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті.

Мобилді топ жиі рейд жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жүр. Өртке себеп болған 38 адам жауапқа тартылды.

"Дала өрттеріне найзағай жарқылы да себеп. Соңғы жылдары табиғи құбылыстар салдарынан пайда болған өрт көлемі ұлғайған. 10 жыл бұрын бір кезеңде дала өртінің үлесі небары 5-10 процентті құраған. Қазіргі уақытта 70 процентке жетіп отыр. Себебі ауа температурасы өткен жылдарға қарағанда көтерілген", — дейді облыстық ТЖД басқарма өкілдері.

@azattyqtany
56 views10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:20:42
Тоқаев Шолпон-Атадағы кездесуде не туралы айтты

Президент Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде сөз сөйледі. Оның айтуынша, күн тәртібіндегі басты мәселе — қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Осыған байланысты президент Орталық Азияны қауіпсіз, жайлы әрі экономикалық дамыған аймаққа айналдыру жөнінде бірнеше ұсыныс жасады.

Соның бірі — шекарадағы тұрақтылық. Президенттің айтуынша, мемлекетаралық шекаралардағы әрбір атыс тек сол елдерге ғана емес, бүкіл аймаққа ауыр жаңғырық болып естіледі.

Сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымын 6,3 миллиардтан 15 миллиард долларға жеткізу жоспарымен бөлісті.

Ғаламдық рецессияның қаупін болдырмау үшін сауда-экономикалық хабтар желісін іске қосу мәселесі қозғалды. Бұдан бөлек экспорт көлемін арттыру, аймақтық транзит тізбегін кедергіден тазарту, Орталық Азияның экологиясын сақтау, білім мен ғылымды бірлесіп дамыту туралы ұсыныстарын жеткізді.

@azattyqtany
48 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 11:16:01
Елімізде ет бағасы тағы да қымбаттамақ – cарапшылар

Қазақстанның ет одағы ет бағасының тағы да қымбаттауын болжап отыр. Қазірдің өзінде сиыр етінің бір келісі шамамен 4 мың теңге тұрады. Бұл бағалар әлі де өсуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуі делдалдардың кесірінен болып отыр. Себебі олар кейде бағаны 50%-ға дейін көтереді. Нәтижесінде қарапайым сатушылар да шығынға батпас үшін үстеме бағамен сатуға мәжбүр.

Мамандар мемлекет жемшөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамайынша, бағаның айтарлықтай төмендеуі байқалмайтынын айтты.

@azattyqtany
46 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 11:03:19
Til Maydani белсенділері Мұхтар Тайжанға наразы

"Til Maydani" YouTube-каналының авторы Қуат Ахметов саясаткер Мұхтар Тайжанға видео-үндеу жолдады. Видеода азаматтық белсенді Ахметов "оянып кеткен" саясаткер Мұхтар Тайжанға сын айтты.

"Осыған дейін қайда болдың, Мұхтар?! Енді "Жаңа Қазақстан осы ма?" деп шыға келді. Мұхтар Тайжанның Тоқаевпен қол ұстасып тұрған суретті салғаным үшін мені қара тізімге енгізді. Ол қандай саясаткер?" - деді ол өз үндеуінде.

Айта кетейік, саясаткер Мұхтар Тайжан өзінің Facebook-желісінде ұлттық алауыздықты қоздыру және билікті басып алуды насихаттау үшін сотталған Данат Намазбай бен Марғұлан Боранбайды "құтқару" бойынша жиын өткізетінін мәлімдеді.

@azattyqtany
48 views08:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 07:49:00
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары бейресми кездесу өткізді

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті.

Мемлекет басшылары елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму жоспарларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Шолпан-Ата қаласына 21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін келді.

@azattyqtany
23 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 14:55:30
Қазақстанға Украинадан қанша адам көшіп келді

Биыл Қазақстанға Украинадан 33 адам көшіп келген. Олардың 23-і Алматыда тұрақтаса, бесеуі Нұр-Сұлтанда, тағы бесеуі Маңғыстау облысына қоныс аударды.

Ресми деректер бойынша республикада 247,4 мың украиналық тұрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,6%-ға аз.

Еліміздегі украиналықтардың басым көпшілігі Қостанай облысында тұрады. Одан кейінгі орында Қарағанды және Ақмола облыстары тұр.

@azattyqtany
38 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 13:43:01
Қазақстанда 3 млн га жайылымдық жердің заңсыз берілді

ҚР Бас прокуратурасы үш жылдың ішінде 5 миллион гектар бос жатқан немесе заңсыз берілген жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған.

"Жайылымды жерлерді тиімді пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында. Соңғы 3 жылдың өзінде прокурорлар 18 млн га бос жатқан және 3 млн га заңсыз берілген жайылымдық жерлерді анықтап, оның 5 млн-ы мемлекет меншігіне қайтарылып, 4 млн гектары айналымға енгізілген", — делінген мәлімдемеде.

Бас прокуратура жұмыс нәтижесі жерді игеруге мүмкіндігі жоқ тұлғалар жердің жасанды тапшылығын туғызғанын көрсеткенін атап өтті.

@azattyqtany
30 views10:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 12:18:02
Сарбаз туған күнін тойлағаны үшін соққыға жығылған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау қаласындағы №2016 әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаз Медет Амангелдіні сержант соққыға жықты. Бұл туралы жігіт өзінің туыстарына айтқан. Әскерилер болса оның "есі ауысқанын" айтқан.

Жақындары жігітке шұғыл медициналық көмек қажет деп санайды. Туыстарының айтуынша, Медетті 11 шілде күні соққыға жыққан, алайда бұл туралы әскери бөлім 15 шілдеде ғана айтқан. Медеттің ата-анасы ұлын тексертіп, МРТ-ға түсіргілері келген, бірақ командирлер рұқсат бермеді.

Жәбірленушінің айтуынша, 10 шілдеде ол басқа әріптестерімен бірге туған күнін атап өткен. Ал келесі күні оны аға сержант-старшина сол үшін ұрып-соғады. Бірақ Медет шараны өткізуге алдын ала рұқсат алғанын алға тартады.

@azattyqtany
29 views09:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 09:45:08
Қайрат Сатыбалды "Қазақтелекомдағы" үлесінен айырылды

Қаржы министрлігі "Қазақтелеком" АҚ-ның жаңа акционері атанды. Енді министрліктің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне компанияның барлық пакеттің 28,81%-ы тиесілі.

"Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жаңа тізімінде Қайрат Сатыбалды иелік ететін Skyline Investment Company S.A компаниясы жоқ, бұрын аталған компания 2 671 481 акцияға иелік еткен.

"Самұрық-қазына" қорының оператордағы үлесі өзгермеген, яғни 52,03%-ға тең. Осылайша оператордың 80,84%-ы мемлекетке тиесілі. The Bank Of New York Mellon Drs әлі де "Қазақтелекомның" 9,77% акциясына иелік етеді.

@azattyqtany
38 views06:45
Ашу / Түсініктеме