Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық Альфа-Банктен санкциялар алып тасталды Бұған дей | Азаттық таңы

Қазақстандық Альфа-Банктен санкциялар алып тасталды

Бұған дейін АҚШ санкциясына ұшыраған "Альфа-Банк Қазақстаннан" банктің жекелеген қызметтеріне, қолма-қол ақшаны алу мен аударуға шектеулер алып тасталды.

7 сәуірде банк хабарлама жариялап, доллар мен еуродағы аударымдарды тоқтату, Visa және MasterCard карталарын өз желісінен тыс қолдануды тоқтату, қолма-қол ақша алу мен аударуға тәулігіне екі миллион теңге мөлшерінде шектеулер енгізілгені, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға несие беруді тоқтата тұру туралы хабарлады.

Еске салайық, мамырда "Банк ЦентрКредит" ресейлік банктің қазақстандық бөлімшесін сатып алу келісімін жасады.

@azattyqtany