Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2022-07-05 15:07:18
Қазақша түсінетін ақылды ит жұртты таңғалдырды

Симба есімді иттің қызықты видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Онда ақылды иттің иесінің әр сөзін екі етпей орындап жүргенін көруге болады. Құдды адам сияқты бәрін түсініп жүр.

Симба овчарка тұқымдас иттерден екен. Оған кішкентайынан қазақ тілін үйретіпті. Иесі желіде «қазақша тәрбиелеген итім» деп видеолар жариялаған.
52 views12:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 13:23:10 Қазақстанда Макдональдс мейрамханалары жұмыс істемей тұр

Мейрамхананың әлеуметтік желілерінде Макдональдстың техникалық себептер бойынша уақытша жабылғаны хабарланған.

Айта кетейік, McDonald's франшизасының иесі - наурыз айында қамауға алынған Қайрат Боранбаев. Бірінші мейрамхана елордада 2016 жылы ашылды.
48 views10:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 07:13:20
Алакөлде 4 демалыс базасы өртке оранды

Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс базасында түнде алапат өрт болды.

Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес тұрған база өртке оранды. Сондай-ақ құрғақ шөп те жанған.

Өртті сөндіруге түнгі сағат 23:00-ден таңғы 5-ке дейін 190-ға жуық адам жұмылдырылды. Олардың жұмысын қатты жел қиындатты.

Өрт 3000 мың шаршы метрге дейін тараған. 7 адам медициналық көмекке жүгінді.
58 views04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 14:07:14 Нүкістегі тәртіпсіздіктер салдарынан 18 адам көз жұмды

Бұған дейін 243 адам зардап шегіп, 94-і ауруханаға түскені хабарланды. Зардап шеккендердің 38-і құқық қорғау органдарының қызметкері.

Сондай-ақ 2 күнде 516 адам ұсталған, олардың кейбірі босатылды.

Еске сала кетейік, 1 шілдеде Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында Өзбекстан конституциясына түзетулер енгізуге қарсы жаппай шерулер өтті. Оның соңы тәртіпсіздікке ұласты.
64 views11:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 11:26:59 Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өткен.

Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
58 views08:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 07:50:15 Тұңғыш президенттің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының атауы өзгереді

Президент жарлығының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Мемлекеттік стипендияның атауынан тұңғыш президент – Елбасы деген сөз алынып тасталады. Оны жай ғана мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия деп атау көзделген.
60 views04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 06:38:47 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамауға алынды.

М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

@azattygtany
68 viewsedited  03:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 14:28:18
Қарағанды облысында жүк көлігі аударылып, ерлі-зайыпты көз жұмды

Жол апаты Балқаш-Сарышаған тас жолында болған.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Балқаш қаласынан келе жатқан DAF көлігінің 61 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол шетіне аударылып кеткен.

Салдарынан жүргізуші мен оның 57 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты.
64 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 10:59:48 Шымкентте LRT мен BRT салынуы мүмкін

Қала әкімі жоспарларымен бөлісті.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов бұл жоба әзірге жоспарлау сатысында екенін, бірақ халық саны қарқынды өсіп жатқандықтан мегаполиске мұндай жоба қажет екенін айтты.

Ол халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізіледі деп отыр.

«Сарапшылардың пікірінше, миллионер қалаға балама көлік түрі қажет, өйткені халық санының өсу динамикасы байқалады. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалуда. Алдағы уақытта бұл қалай қосылатыны туралы мәселені үкіметпен талқылаймыз», - деді Мұрат Әйтенов.
61 views07:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 07:09:17
"Канело" Головкинмен екі жекпе-жек туралы ойын ашық айтты

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогия алдында алдыңғы екі жекпе-жек туралы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Теңдей түскен жекпе-жектерде үнемі осылай болады. Біреу жеңді, біреу жеңілді дейді. Сол үшін теңдей айқас. Мұндай кездесулер бокс үшін пайдалы деп есептеймін", - дейді Альварес.

Алайда мексикалық өзін екінші айқаста жеңімпаз деп мойындамайтындарға наразы екен: "Жанкүйерлердің көпшілігі мені мойындай алмай келеді. Бірақ бәріне бірдей ұнай бермейсің. Сондықтан бұл мені алаңдатпайды. Бокста биік жетістікке жеткенімді білемін.
65 views04:09
Ашу / Түсініктеме