Get Mystery Box with random crypto!

7 жастағы баланы зорлаған педофилге сот үкімі шықты Түркістан | Азаттық таңы

7 жастағы баланы зорлаған педофилге сот үкімі шықты

Түркістан облысында жеті жасар баланы зорлаған үш баланың әкесі жазасын жеңілдетуді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырмай, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Зорлықшының анасы айыпталушының бұл оқиғаға мүлдем қатысы жоқ екеніне сенімді, істі қайта қарауды сұраған. Апелляциялық алқа сот шешімін әділ деп тауып, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Сот тергеуі барысында анықталғандай, Шұбарсу ауылында үйге бара жатқан ол Аламан көшесінің бойында ойнап жүрген баланы көреді. Ол балаға жақындап келіп, өз үйіндегі ұлымен бірге ойнауға шақырады. Сөйтіп, баланы алдап үйіне кіргізген. Үйге жете салысымен баланы етпетінен жатқызып, екі қолын жылу құбырына қойған соң, оның дәрменсіздігін пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған", — делінген хабарламада.

Зорлаушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

@azattyqtany