Get Mystery Box with random crypto!

Нұр-Сұлтанда жұбайынан зорлық көретін әйелдер көбейген Елорда | Азаттық таңы

Нұр-Сұлтанда жұбайынан зорлық көретін әйелдер көбейген

Елордада жыл басынан бері 2 мыңнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Оның 100-ден астамына қылмыстық іс қозғалған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бұрын 102 нөміріне күніне 20-30 адам хабарласатын еді. Елде карантин басталғалы бұл көрсеткіш 50-ге жуықтаған. Қоңырау шалатындардың дені отбасындағы жанжалдарға шағымданады екен. Жәбір көрген әйелдердің 90%-ын ішімдік ішкен күйеулері сабаған.

"Әйелге өзінің құндылығын, бағасын сезінуді үйретпегендіктен, болып жатқан зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Себебі оған бала күнінен бұл қалыпты жағдай емес деп ешкім түсіндірмеген. Тіпті, бұндай жиі зорлық-зомбылықты өзінің отбасында да көрген болуы мүмкін", — дейді психолог Лаура Жексембаева.

Қазіргі таңда Парламент депутаттары отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша заң жобасын қарап жатыр.

@azattyqtany