Get Mystery Box with random crypto!

Қайрат Сатыбалды 'Қазақтелекомдағы' үлесінен айырылды Қаржы м | Азаттық таңы

Қайрат Сатыбалды "Қазақтелекомдағы" үлесінен айырылды

Қаржы министрлігі "Қазақтелеком" АҚ-ның жаңа акционері атанды. Енді министрліктің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне компанияның барлық пакеттің 28,81%-ы тиесілі.

"Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жаңа тізімінде Қайрат Сатыбалды иелік ететін Skyline Investment Company S.A компаниясы жоқ, бұрын аталған компания 2 671 481 акцияға иелік еткен.

"Самұрық-қазына" қорының оператордағы үлесі өзгермеген, яғни 52,03%-ға тең. Осылайша оператордың 80,84%-ы мемлекетке тиесілі. The Bank Of New York Mellon Drs әлі де "Қазақтелекомның" 9,77% акциясына иелік етеді.

@azattyqtany