Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-07-31 07:16:01
Елордада заңсыз жолаушы тасымалдаған 26 жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында құжатсыз адам тасымалдаған 26 такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Олардың ішінде 3 шетелдік азамат бар. Олардың атына әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер тұраққа қойылған.

Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 500-ден астам жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 100-ден астам, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 168 және қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізушіге айыппұл салынды.

@azattyqtany
41 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 11:41:01
МӘМС қызметіне 12 айға алдын ала төлем жасау міндеттелмек

Қазақстан азаматтары енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметін алу үшін 12 айға алдын ала төлем жасауы керек.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ департамент директорының орынбасары Жанар Ботагаринаның айтуынша, МӘМС жүйесіне қатысушының алдыңғы мәртебесі тұрғысынан сақтандырылмағандардың 69%-ы мүлде жарна төлемегені анықталды.

Жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды. Сол себепті олар үшін МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді.

@azattyqtany
10 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 08:34:01
Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқарады

Ауылдық квотамен білім алған студенттердің грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жылға дейін қысқаруы мүмкін.

Қазіргі заңнамаға сәйкес жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі керек. Енгізілетін өзгерістер ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтарға грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтеуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады. Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары.

Қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында талқыланып жатыр.

@azattyqtany
22 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:56:00
Қазақстанның сайлау туралы заңына өзгеріс енгізіледі

Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға өзгеріс енгізбек. Енді халықаралық ұйымдар қаржыландыратын қоғамдық бірлестіктер Қазақстанда өтетін сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатыса алмайды.

"Сайлау процесіне тек кәсіби байқаушылар ғана қатысуы керек. Олар тиісті заңнаманы жетік меңгеруі тиіс. Өйткені олар бүкіл науқанның ережеге сай өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Шетелдіктер тарапынан бұл процесті қаржыландыруға немесе оған кедергі жасауға заңмен тыйым салынған. Саяси партиялардың құрамында да шетелдіктер немесе азаматтығы жоқтар кіргізілмейді", — деді ведомство өкілдері.

Қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында талқыланып жатыр.

@azattyqtany
32 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:33:01
Қазақстандықтар газға қанша теңге қарыз

Қазақстан азаматтары газға 7 млрд теңгеден астам қарыз.

Берешектің дені Шығыс Қазақстанда. Өңір тұрғындарының қарызы жалпы борыштың 89%-ын құрап отыр. Екінші орында Түркістан, үшінші орында — Шымкент. Мамандардың айтуынша, қарыздың көптігі газ тарату ісіне кері әсерін тигізеді. Коммуналдық қызметтер қысқа дайындықты 15 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс.

Осы орайда "ҚазТрансГазАймақ" мекемесі қарызды қазір төлеуге шақырып отыр.

@azattyqtany
35 views10:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:14:50 @azattyqtany-дағы аптаның ең қызықты жаңалықтары

Қазақстанда пәтер жалдау құны қымбаттамақ
https://t.me/azattygtany/2774

Тоқаев Меккеге барып қажылық етті
https://t.me/azattygtany/2772

Жыл басынан бері қазынаға қанша салық түсті
https://t.me/azattygtany/2779

Тоқаев Сауд Арабиясы королін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
https://t.me/azattygtany/2773

Грузия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келді
https://t.me/azattygtany/2782

@azattyqtany
40 viewsedited  08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:03:43
Бозбаланы қағып өлтірген полиция қызметкері жеңіл жазамен құтылды

Алматы облысында жол апатында ұлдарынан айырылған ағайын-туыс сот үкімімен келіспей шу шығарды. Сот 18 жастағы бозбаланы қағып өлтіріп, қашып кеткен экс-полицейдің 2 жарым жылға бостандығынан айырды.

Марқұмның жақын-туыстары бұл жазаны тым жеңіл деп санайды. Үкіммен келіспеген ағайын-туыс енді апелляциялық шағым жазып, істі қайта қаратуға мүдделі.

18 жастағы Дінмұхаммед Жеңісов үйіне қайтып бара жатқан жолда экс-полицей Самат Айсараақын оның дәл артынан қағып кетеді. Димаш бірнеше метрге ұшып кетіп, арықтың ішіне құлап түседі. Айыпталушы көмек қолын созудың орнына бірден ізін суытқан, қансырап жатқан Димаш болса, жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған.

Димаштың туыстарының сөзіне сенсек, оқиға болардан санаулы минут бұрын Самат Айсараақын кәуапханадан сыра ішті. Тәлтіреңдеп жүргені сол дәмхананың бақылау камерасына да жазылып қалған.

@azattyqtany
47 views05:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:17:00
Тоқаев: Азаматтардың табысын арттыру - басты міндет

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады.

Ералы Тоғжанов бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Бағдарлама шаралары аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндірістік бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион еңбеккердің жалақысы өскенін баяндады.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Кездесу соңында президент халықтың табысын арттырудың маңыздылығын және мұның ұлттық жобаларда көзделген мақсаттарға қол жеткізуге тікелей байланысты екенін атап өтті.

@azattyqtany
13 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:20:40
"ҚазМұнайГаз" ғимаратының саудасы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" ҰК кешеніне қатысты сауда-саттық тоқтатылды.

Электрон сауда алаңы сайтындағы сауда-саттық мәртебесі "сауда-саттық басталғанға дейін тоқтатылды" деп өзгертілді.

Бағаны көтеру форматындағы аукцион 31 тамызға жоспарланған еді. Жалпы ауданы 21 316 шаршы метр нысанды бағалау құны: 11 726 860 000 теңге.

@azattyqtany
21 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 09:36:00
Бауыржан Ахметовке қатысты үкім заңды күшіне енді

Пара алды деп айыпталған Екібастұз әкімінің орынбасарына қатысты үкім заңды күшіне енді.

Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Асланбек Садықов пен бас маман Қазбек Түсіпбековке мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны, сондай-ақ қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген айып тағылды.

Сот үкімімен Бауыржан Ахметов сегіз жылға, ал Түсіпбеков пен Садықов жеті және алты жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім барлық үш адамға қатысты заңды күшіне енді.

@azattyqtany
29 views06:36
Ашу / Түсініктеме