Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары бейресми кездес | Азаттық таңы

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары бейресми кездесу өткізді

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті.

Мемлекет басшылары елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму жоспарларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Шолпан-Ата қаласына 21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін келді.

@azattyqtany