Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-28 07:51:31
АШМ мемлекет меншігіне 5 млн га жер қайтармақ

Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ведомство күшімен жыл басынан бері 904 мың гектар пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды. Өткен жылы 430 мың гектар жер қайтарылған еді.

Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін әкімдіктер бөледі.

@azattyqtany
35 views04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:32:11
Қазақстанда жеті облыста прокурорлар тағайындалды

Президенттің жарлығымен, Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған прокурорлар:

— Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев;
— Абай облысының — 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев;
— Жетісу облысының — аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев;
— Батыс Қазақстан облысының — Серік Рысқалиұлы Шалабаев;
— Ақтөбе облысының — 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов;
— Маңғыстау облысының — аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков;
— Атырау облысының — Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов болып тағайындалды.

@azattyqtany
20 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:43:01
Грузия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Қазақстанға ресми сапармен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили келді.

Мейманды Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алған.

Премьер-министрдің екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.

Сонадай-ақ Грузия премьер-министрі "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.

@azattyqtany
33 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:22:01
Air Astana рейстердің кешугі себебін түсіндірді

Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер халық наразылығын тудырған рейстердің кешігу себебін түсіндірді.

"Әуе тасымалдарының ұлғаюынан бөлек, әуежайдың қызмет көрсетуі, сондай-ақ ұшып-қону жолағындағы жұмыс сынды өзге де факторлар бар. Сол себепті кейде рейстердің кестесін қайта қарауға тура келеді. Одан басқа, құстардың соғылып қалуы сынды факторлар ұшақтарымыздың қозғалтқышын істен шығаруы мүмкін. Егер Air Astana-дағы рейсіңіз кешіксе немесе өзгерсе, шын жүректен кешірім сұраймыз", — деп түсіндірді Фостер.

Компания президенті тасымалдаушының жұмысын жақсартып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Air Astana cапарлардың санын қысқартқанын айтты.

@azattyqtany
33 views06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 07:56:50
Транскаспий көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өтті

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ "тар" жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына ресми сапарында Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арасын жалғастыратын көлік-транзит және логистикалық мүмкіндіктерді, соның ішінде Транскаспий бағдарын әртараптандыруды және кеңейтуді ұсынды.

@azattyqtany
36 views04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 14:55:32
Жыл басынан бері қазынаға қанша салық түсті

Биылғы жартыжылдықта мемлекет бюджетіне 7,15 трлн. теңге салық түсті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Комитет мәліметінше, жоспар 106,4%-ға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 2,3 трлн. теңгеге көбейіп, 1,5 есеге өскен.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электронды қызметтер саны 1,9%-ке өскен. Одан бөлек, мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына кеңес алу үшін хабарласқан азаматтардың 97%-і операторлардың жұмысына оң баға берген.

@azattyqtany
43 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:59:18
7 жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды.

"Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен үкiм жаза тағайындау бөлігінде өзгертілді, бас бостандығынан айыру мерзімі 6 жылға дейін қысқартылды", — делінген сот хабарламасында.

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен – айыппұлмен немесе бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтініш білдірді. Сот оның өтінішін қанағаттандырды.

@azattyqtany
43 views08:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 08:45:16
Маңғыстау: әскерде қаза тапқан сарбазға қатысты тергеу аяқталды

Әскерде қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы әскери прокуратура мәлімдеді.

"Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, қазіргі жағдайда тараптар іс құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жіберетін боламыз. Күдікті ретінде онымен бірге әскерде жүрген сарбаз өтіп жатыр. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр және де іс материалдарымен танысып жатыр", — дейді Бас әскери прокурордың аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахмет.

Маңғыстаулық жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуір күні Жамбыл облысы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде көз жұмды. Президент оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

@azattyqtany
41 views05:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:50:38
Тоқаев кімді шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарды

Мамин, Атамқұлов, Досаев шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен экс-премьер-министр Асқар Мамин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы министрі Бейбіт Атамқұлов және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қазақстан президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарылған.

Айта кетейік, Асқар Мамин мен Бейбіт Атамқұлов қаңтарда министрлер кабинетінде болған өзгерістерден кейін қызметтерінен босатылды.

@azattyqtany
39 views04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 15:11:10
Банктерге Ресей рублін Қазақстаннан алып шығуға болады

Қазақстан үкіметі 2022 жылғы 18 шілдеде "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады.

"Екінші деңгейлі банктерге 2022 жылғы 1 шілдеде сағат 23:59-ға дейін деректер кассаларында жинақталған көлем шегінде 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолма-қол ресей рублін Қазақстан Республикасынан шығаруға рұқсат етілсін", – делінген құжатта.

Ұлттық банк бұл шара қолма-қол шетел валютасына алыпсатарлық сұраныс қысымын төмендетуге және елден шетел валютасын экспорттау тәуекелдерін теңестіруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

@azattyqtany
51 views12:11
Ашу / Түсініктеме