Get Mystery Box with random crypto!

Сарбаз туған күнін тойлағаны үшін соққыға жығылған ҚР Ұлттық | Азаттық таңы

Сарбаз туған күнін тойлағаны үшін соққыға жығылған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау қаласындағы №2016 әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаз Медет Амангелдіні сержант соққыға жықты. Бұл туралы жігіт өзінің туыстарына айтқан. Әскерилер болса оның "есі ауысқанын" айтқан.

Жақындары жігітке шұғыл медициналық көмек қажет деп санайды. Туыстарының айтуынша, Медетті 11 шілде күні соққыға жыққан, алайда бұл туралы әскери бөлім 15 шілдеде ғана айтқан. Медеттің ата-анасы ұлын тексертіп, МРТ-ға түсіргілері келген, бірақ командирлер рұқсат бермеді.

Жәбірленушінің айтуынша, 10 шілдеде ол басқа әріптестерімен бірге туған күнін атап өткен. Ал келесі күні оны аға сержант-старшина сол үшін ұрып-соғады. Бірақ Медет шараны өткізуге алдын ала рұқсат алғанын алға тартады.

@azattyqtany