Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда 3 млн га жайылымдық жердің заңсыз берілді ҚР Бас | Азаттық таңы

Қазақстанда 3 млн га жайылымдық жердің заңсыз берілді

ҚР Бас прокуратурасы үш жылдың ішінде 5 миллион гектар бос жатқан немесе заңсыз берілген жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған.

"Жайылымды жерлерді тиімді пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында. Соңғы 3 жылдың өзінде прокурорлар 18 млн га бос жатқан және 3 млн га заңсыз берілген жайылымдық жерлерді анықтап, оның 5 млн-ы мемлекет меншігіне қайтарылып, 4 млн гектары айналымға енгізілген", — делінген мәлімдемеде.

Бас прокуратура жұмыс нәтижесі жерді игеруге мүмкіндігі жоқ тұлғалар жердің жасанды тапшылығын туғызғанын көрсеткенін атап өтті.

@azattyqtany