Get Mystery Box with random crypto!

Атығай Арыстанов Жетісу облысының полиция басшысы болды Жетіс | Азаттық таңы

Атығай Арыстанов Жетісу облысының полиция басшысы болды

Жетісу облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметіне Атығай Арыстанов тағайындалды.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды", — делінген хабарламада.

Полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда атқарған.

@azattyqtany