Get Mystery Box with random crypto!

Павлодарда дала өрті өршіп тұр Ертіс өңірінде соңғы үш айда 1 | Азаттық таңы

Павлодарда дала өрті өршіп тұр

Ертіс өңірінде соңғы үш айда 100-ге жуық орман және 145 дала өрті болған. Төрт мың гектар алқап жанып кеткен.

Мамандардың пайымдауынша, оттың тұтануына адамдардың салғырттығы мен найзағай себепші. Қазір шаруа қожалықтары қысқы мал азығын дайындап жатыр. Осыған орай, құзырлы мекемелер өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті.

Мобилді топ жиі рейд жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жүр. Өртке себеп болған 38 адам жауапқа тартылды.

"Дала өрттеріне найзағай жарқылы да себеп. Соңғы жылдары табиғи құбылыстар салдарынан пайда болған өрт көлемі ұлғайған. 10 жыл бұрын бір кезеңде дала өртінің үлесі небары 5-10 процентті құраған. Қазіргі уақытта 70 процентке жетіп отыр. Себебі ауа температурасы өткен жылдарға қарағанда көтерілген", — дейді облыстық ТЖД басқарма өкілдері.

@azattyqtany