Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев Шолпон-Атадағы кездесуде не туралы айтты Президент Шол | Азаттық таңы

Тоқаев Шолпон-Атадағы кездесуде не туралы айтты

Президент Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде сөз сөйледі. Оның айтуынша, күн тәртібіндегі басты мәселе — қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Осыған байланысты президент Орталық Азияны қауіпсіз, жайлы әрі экономикалық дамыған аймаққа айналдыру жөнінде бірнеше ұсыныс жасады.

Соның бірі — шекарадағы тұрақтылық. Президенттің айтуынша, мемлекетаралық шекаралардағы әрбір атыс тек сол елдерге ғана емес, бүкіл аймаққа ауыр жаңғырық болып естіледі.

Сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымын 6,3 миллиардтан 15 миллиард долларға жеткізу жоспарымен бөлісті.

Ғаламдық рецессияның қаупін болдырмау үшін сауда-экономикалық хабтар желісін іске қосу мәселесі қозғалды. Бұдан бөлек экспорт көлемін арттыру, аймақтық транзит тізбегін кедергіден тазарту, Орталық Азияның экологиясын сақтау, білім мен ғылымды бірлесіп дамыту туралы ұсыныстарын жеткізді.

@azattyqtany