Get Mystery Box with random crypto!

ЕМІЗУШІ АНАЛАРҒА НЕ ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?! Босанғанша тиылмаған | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ЕМІЗУШІ АНАЛАРҒА НЕ ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?!

Босанғанша тиылмаған ауызды босана салысымен сап тиятын сол біздің қазақтар ғана шығар

Сіз емізуші анасыз. Сізге жеуге болмайтын тағамдар тізімі :

Алкоголь (онсыз да ішпейтін шығарсыз)
консервіленген өнімдер (кез-келген)
цитрустар (сезоннан тыс, бұрын соңды жеп көрмеген жаңа жеміс түрі)
бал (аллергия тудыруға бейім)
газды сусындар (қош бол кола, фанта)
жасанды қоспалы көмірсулар (чипсы бастаған, КФС қоштаған жеңіл сатып ап жейтіндер)
сүтті шай ("мәәә мынау не деп отыр" демеңіз, балаңызға түрлі бөртпе диатез шыққыш болса қантты емес, сүтті шайды тиыңыз. Нәтежиесін 1 айда көріп маған рақмет айтып отарсыз)
бор, кесек, саз, топырақ, қабырға, әк (бұлар тамаққа жатпаса да осыны тамақ ретінде жейтіндер аз емес. Баланың да, өзіңіздің де іш қатып геморрой болуды қаламасаңыз қазір тастаңыз)

ЕНДІ НЕ ЖЕУГЕ БОЛАДЫ?

Бәрін, шын айтам бәрін жеуге болады . Тіпті қауын-қарбызды да . Бірақ нормасымен . Босанғанша бәрін жеген болсаңыз, босанған соң да соларды жей аласыз. Сізбен кіндік арқылы байланыс жасаған балаңыз енді сүт арқылы байланысып жатыр . Іші ауырады, тісі ауырады деп тек сорпа, суға, қара нанға диетаға отырмаңыз. Ананың ауызын тиятын арнайы кездер болады. Оны баладағы диагнозға қарай жеке тағайындайды.

Жеміс жеуге рұқсат алдым деп бәрін ауызға тыға беру жоғанан. Бүгін 1 тілім алма жеп көріңіз, ертең 2 тілім, арғы күні бүтін 1 алманы жей аласыз. Солай реттілікпен енгізген дұрыс. Жаңадан жеген өнімді күннің алғашқы бөлігінде жесеңіз дұрыс. Балада аллергия, іш өту байқалса күннің қалғанында анықтау оңай болады.

Ананың рационы әртүрлі, құнарлы, жеміс те, көкөніс те, дәнді дақылдар да болғанда сүті жақсы шығады. Қазір сүт арқылы беріп үйретсеңіз, бала сол тағамдарды өзі жегенда жақсы қабылдайды. Әр өнімді өз сезонында жеген дұрыс. Қазір жаз, витаминдеріңізді толықтырып үлгеріңіздер!

Сіз қауын-қарбыз жеп жүрсіз бе?