Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАҢЫЗДЫҢ ТАМАҒЫ АУЫРСА... Ауызға су толтырып, тамағын шаюд | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛАҢЫЗДЫҢ ТАМАҒЫ АУЫРСА...

Ауызға су толтырып, тамағын шаюды бала 3 жастан бастап өздігенен жасай алады. Оған дейін балаларда ангина болса қалай шаямыз

10 не 20 гр шприцке ерітіндіңізді құйып аласыз;
Шайған су төгілетіндей тазик, қасыңызға көмекші адам дайындаңыз;
Баланы тізеңізге ішімен жатқызып, басын төмен қаратасыз. Мұрынын қысқанда немесе жылағанда ауызын ашады. Сол кезде көмекшіңіз баланың ауызына шприцпен ерітіндіні шашады. Ішімен жатқан бала жұтына алмайтындықтан, барлық сұйықтық сыртқа тазигіңізне ағады.
Осы әдісті күніне 3-4 ретке дейін жасай аласыз.

Шаюға 1 стақан жылы суға 1 шай қасық ас содасын қосасыз.

Тағы бір әдіс 1 стақан жылы суға 1 шай қасық теңіз тұзы, 2 тамшы йод араластырып шаюға қолдануға болады.

Сіз қалай жасайсыз? Ақпарат пайдалы болды ма?

Пікір қалдырыңыз. Сақтап алыңыз керек болады. Бүкіл баласы барларға жіберуді ұмытпаңыз.