Get Mystery Box with random crypto!

«ТӘРБИЕСІЗ БАЛА» ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? Бала сорғыш (губка) секілді. | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

«ТӘРБИЕСІЗ БАЛА» ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Бала сорғыш (губка) секілді...
Сүтпен келетіннің сүйекке бітетінін ескерсек, ананың мінезі, жасаған әрекеттері, ықылас-ниеті, тіпті, қылықтарына дейін баласына дариды. .
Ата-ана - бала үшін тәрбие эталоны. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Әкенiң баласы үшiн жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ!» - деген өсиетін еске алсақ, балаңыздың алдында өзіңізді дұрыс ұстаудың, еркелетудің, мән-мағынасы бар жақсы сөз сөйлеудің нәтижесі бар екендігіне уақыт өте келе көз жеткізесіз. .
Бала бір сорғыш (губка) іспетті. Көргенінің барлығын бойына сіңіріп алады. Сорғышты қысқанда суы шығатыны секілді, бала бойындағы қасиеттер де түрлі әрекеттер жасап, сынаққа алынғанда көріне бастайды.
. Балаңызға үнемі дауыс көтеріп ұрыспаңыз. Айқайды жиі еститін бала қорқақ, жасқаншақ келеді. Жаңа, бейтаныс орталарда жалтақтық жасап, мүмкіндіктері мен қасиеттерін толық көрсете алмайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Балаларыңа қарғыс айтпаңдар, ол қабыл болуы мүмкін» – деп балаларға ұрсып, қарғап-сілемеу керектігін ескерткен.
.
Осы орайда «Алдамаққа бала жақсы» дейтін сөзге амал етудің реті келетін сыңайлы. Әрине, өтірік айтып, баланы алдауға, алдануға үйрету емес, оны еркелетіп, жасағалы тұрған теріс қылығынан айныту үшін ойын бөлу мақсатында амалға асыратын дүниелеріңізді жатқызамыз. Сабыр сақтап, басынан бастап балаңызға жай түсіндіріп, ненің дұрыс, ненің бұрыстығын үйрете білсеңіз, тәрбиенің тетігін дөп бастым деп есептей беріңіз..
.
«Болмайдыға» басқа жол табыңыз
Балаңыздың амал-әрекеттеріне тыйым салып, «болмайдыны» көп айту да - бала тәрбиесінде құпталмайтын әрекеттерден. Әрине, бұл баланы еркінсітіп жібер, шектеу қойма деген сөз емес. Бала үйдегі біреуден сес көріп, тыйылып өскені жақсы. Алайда, тәрбиесінде кем-кетік болмауы үшін түрлі тыйымдардың орнына балама зат, әрекет ұсынып, соған қызықтырып көру керек. Мәселен, ас үйдегі пышақпен ойнағысы келсе, оның орнына ойыншық пышақ ұсынып немесе соған ұқсас басқа бір затпен алдандырыңыз. Бала таңсық дүниелерді тез қабылдайды. Бағыт-бағдар берсеңіз тіпті жақсы.