Get Mystery Box with random crypto!

ШАЛАБАЙЛАР ҚАТАРЫНАН ОЗА ШАБАДЫ Мен айтпадым, статистика | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ШАЛАБАЙЛАР ҚАТАРЫНАН ОЗА ШАБАДЫ

Мен айтпадым, статистика айтады. Әлем бойынша 1.5 млн, елімізде 250.000 бала шала туылады екен.
Шала туылу деген 22-37 апталық мерзімде өмірге келген нәресте. Ерте туылудың себебі көп. Аса қатты күтімді қажет етеді.

Бастапқы 1 жыл дамуында басқа балалардан өзгешелігі

Бұлшық ет тонусы әлсіз
Жылу реттеуі қалыптастапған
Салмақ қосуы жай
Басын ұстау, аунау, еңбектеу, отыру, жүруі қатарынан кеш дамиды.
Бұл ерекшеліктер баланың туылған аптасына қарай әртүрлі болады.

Айналып келіп, мұндай балаларға массаж жасауға бола ма дегіңіз келіп тұрғанын білем. ИА БОЛАДЫ, ТІПТІ МАССАЖ ЖАСАУ МІНДЕТТІ.
Бала гистациялық емес, айлық уақытпен есептеп қырқынан шыққан соң массаж бастайсыз.
(40 күнде ет пен сүйек бірігеді)

Массаждан соң бала тез ширайды
Адаптация(бейімделу) жақсы жүреді
Қарыны ашып еміп, салмақ қосады
Дамуы өз уақытына сай болады

Кімнің баласы Шалабай? Неше аптада босандыңыз? Қазір дамуы қалай?