Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 27

2021-11-03 17:58:02 Стоматит - ұртта, тілде, таңдайда әр түрлі жаралардын пайда болуы.

СЕБЕПТЕРІ

Басты себептерінің бірі – тәттіні көп жеу. Иммунитеттің түсіп кетуі, вирустар мен бактериялар;

Антибиотикті көп пайдаланған балаларда міндетті түрде кездеседі. Сондықтан антибиотик қабылдағанда артынша микробтарға қарсы дәрі берген жөн;

Тағы бір себебі бала 5-6 айында, еңбектей бастағанда қоршаған ортаны ауыз арқылы таниды. Кез келген заттың дәмін байқап көреді. Әр түрлі заттардан, ойыншықтардан ауызға инфекция түседі;

Негізінен жаңа туылған нәрестеде стоматит көп кездеспейді. Бұл ана сүті пайдасының молдығымен байланысты. Егер болса, тілі ағарып кету арқылы белгі береді. Ол анасының омырауды таза ұстамағанынан, қолын жумай емізгенінен пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың тілін сода қосылған жылы сумен сүртіп, оксалин мазын жағып қойыңыз;

ҚАЛАЙ ЕМДЕЙМІЗ?

Стоматиттің түрлері көп. Дәрігеріңізге міндетті түрде көрсетіп, қай түрі екенін анықтау қажет. Кейбірі үй жағдайында емделмейді, тек арнайы ультра сәулелер арқылы емделетін түрлері де болады;

Ауыз қуысын екі сағат сайын жуып отыру керек. Балаға қатты ыстық, суық тағамдарды беруге болмайды. Ауыз қуыстарын одан әрі жаралайды;

Дене қызуы көтеріліп, аузынан қайта-қайта су ағуы мүмкін. Тамақ жеуі қиындайды. Бұл ұзақ күн, кемі екі аптада жазылатын ауру. Бала әбден қиналмас үшін, басталып жатқаннан дұрыс емдік шараларды қолға алыңыз;

Балаға жеке ас қасық, ыдыстар, сүлгі арнаңыз. Өйтпеген жағдайда бұл басқа балаларға да жұғады;

Тағам рационынан В, С витаминдеріне бай сүзбе, қаймақ, ет, жұмыртқа, капуста, банан секілді жемістер табылуы тиіс. Олар кілегей қабатының тез жазылуына әсер етеді;

Вирусқа қарсы «генферон» свечасын пайдаланыңыз.
662 views14:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-02 18:09:23 Құйрық майдың пайдасы

Практикамда мынадай қызық жағдай болды. Жаңа туылған сәбиінің кіндігінде грыжасы бар ана келді. Кіндігін қағаз дәкемен орап, емдік шараларды жасауға кеңес бердім. Әжептеуір асқындырып алғандықтан әдеттегі ем-дом көмектесе қоймады. Арада біраз күн өтіп тексеруге барғанда жара түгелдей жазылыпты. Мәселе мынада. Пациент кіндіктің ұшына қойдың құйрық майын байлап қойғанын, үш күн ішінде баланың грыжасы сап-сау жазылып кеткенін айтты.

Жалпы ата-бабамыз баланы құйрық майымен өсірген. Алайда бүгінгінің балдарына халық емінің барлық түрі оң келе бермейді. Төменде құйрық майды қалай пайдалану керектігі жөнінде кеңестер беремін:

Қой құйрығының пайдасы зор. Бірақ оны ешқашан өкпе, тыныс алу тұсына жақындатуға болмайды. Әсіресе бала жөтеліп жүргенде. Өйткені май терінің тыныс алу тесіктерін бітеп тастайды. Мұның соңы түрлі кеселдерге ұшыратуы мүмкін.

Баланың аяқ-қолын, буындарын уқалап, массаж жасағанда құйрықты пайдалануға болады. Дегенмен аптасына екі реттен асырмаңыз. Күнде маймен сылауға болмайды.

Тұздалған құйрықты ешқашан пайдаланбаңыз. Тек балғын (свежий) түрін ғана кәдеңізге жаратыңыз.

Құйрықты бір жасқа дейінгі бөбектерге бермеңіз. Өйткені емізулі баланың асқазанында майды ыдырататын ферменттер қалыптаспаған. Қой майы тез қорытылғанымен, сәбиге ауырлық етеді.
44 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 17:11:43 Балаңыз мазасыз ба ?

Қозғалысы көп, шапшаң, тынымсыз балалардың көптігі жайында соңғы кезде жиі еститін болдық. Бұл жайтты мамандар бүгінде балалар психикасына кері әсерін тигізетін факторлардың көптігімен байланыстырады.

Ендеше, байсалды, өздеріне сенімді ұрпақ тәрбиелеу үшін ата­ана не істеу керек

Бала тәрбиелеп отырған көптеген аналарға белгілі жайттар мен олардың шешімдерін қарастырып көрейік.

. Нәресте аз ұйықтайды, соның салдарынан анасы ештеңеге үлгере алмайды. Бірде жас сәбидің анасы: «Күні бойы тіс жуатын уақытым болмай, тіс щеткасына қолым кешкі алтыда әрең жетті», – деп шағымданды. «Обал­ай!» – дерсің...

Бірақ... Жас аналар пісуі қажет. Шын мәнінде баланы «қолтықтап алып», үй шаруасымен айналысу – көптеген әйелдердің күнделікті өмірінің кішкентай көрінісі.

Шешімі: Егер балаңыз әлі омырауда болса «жыламаса, жата берсін!» деген қағидамен жатқызып қоймаңыз .

Қозғалыс – балалар үшін бұлшық еттердің дамуы ғана емес, сондай­ақ ақыл­ойдың да дамуы. Сондықтан үй шаруасымен айналысып жүргенде де балаңызды қолыңызға барынша жиірек алғаныңыз дұрыс. Мұның бірнеше оң жақтары бар.

Біріншіден, жұмыстарыңызды істеп үлгересіз. Екіншіден, жан­жағыңыздағы заттарды көрсетіп, не істеп жатқаныңызды айтып, балаңызбен көбірек сөйлесесіз.
Үшіншіден, ұзақ уақыт құшағыңызға алуға мүмкіндік болады.

Ең бастысы, сіздің түрлі қозғалыстарыңыздан бала да сол қозғалыстарға икемделуді меңгереді. Басынан осылай тәрбиеленген бала көзіне көрінген затқа жабысуды қояды, жүре бастағанда да әр қадамына барынша мұқият болады.

Пост пайдалы болды деген ниеттеміз

Ал сіздің балаңыз мазасыз ба?
925 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 16:54:52 СӘБИІҢІЗ ТҮНДЕ КӨП ОЯНСА

Көптеген жас ата-ана үйде сәби пайда болысымен, түнгі тыныш ұйқыны ұмытады . Кез келген ана баласының түн ортасында оянып, жылап әкесін мазаламағанын қалайды...

Тәжірибе көрсеткендей, нәрестенің ұйқы уақытын туа сала қалыптастыруға болады.

Әрине, перзентханада бұл мүмкін емес, алайда үйге келгеннен кейін баланы қалай дағдыландыру өз қолыңызда. Бұл сіз ойлағаннан көбірек уақыт алуы мүмкін, алайда нәтижесі қуантарлық болады.

Алғашқыда бала түн ішінде қарны ашып, 1-2 сағат сайын оянады. Бұл кезде су не емізік берсеңіз болады.

Алайда асқазаны біршама жетіліп, 4-5 айға толып, ана сүтіне қосымша тамақтар енгізбейінше бала түнде оянған кезде омырау сүтімен тамақтандырып ұйықтатқан пайдалырақ.

5-6 айдан асқаннан кейін баланы ұйықтататар алдында қарнын тойғызып жатқызсаңыз, кем дегенде 6 сағат шамасында оянбастан ұйықтайды.

Бірақ мұқият болыңыз, баланы тойғызам деп шамадан тыс көп беруге де болмайды. Өзі бас тартқан кезде ары қарай оны қинап тамақ жегізем деу бос әурешілік және де денсаулығына зиян . Толып тұрған асқазанмен ұйықтау қиынға соғады.
Егер балаға сағат он екілер шамасында тамақ берсеңіз, келесі тамағын шамамен таңғы сағат алтыға дайындап қойыңыз.

Сонымен қатар, баланы ұйқыға жатқызардан 1,5-2 сағат бұрын суға шомылдырыңыз.
Жеңіл массаж жасаңыз, ертегі айтыңыз, ойнаңыз.
Оны арнайы теңіз тұзымен, тыныштандыратын шөптермен не жай ғана балаларға арналған көбікпен шомылдыруға болады

Ақпараттарымыз пайдалы болды деген ниеттеміз

Сіздің сәбиіңіз түнде қалай ұйықтайды? Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар
580 views13:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 17:26:29 Сүндетке отырғызу

Ата-ананың өз ұлының алдында атқаратын үлкен бір парызы(міндеті) — сүндетке отырғызу. Сүндеттеу, Сүндет (араб.: ختان‎ — сұннат) — медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio — дөңгелете кесу) деп аталады. Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып.
Бүгінгі күні дүние жүзі бойынша ер адамдардың алтыдан бір бөлігі сүндетке отырады екен. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттер де баланы сүндетке отырғызу қалыпты үрдіске айналған. Оған себеп не?
Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады;
Гигиеналық тұрғыдан әртүрлі микроорганизмдерден таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса керек. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл ойнайды;
Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныс органының қатерлі ісігіне (рак) анағұрлым аз шалдығады;
Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойынының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары;
Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары; Зерттеуші ғалымдар бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың небәрі 10 - 30% сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың 1/4 құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда 6% аспаған.
Аустралиялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар «СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дәлелдеді. Өйткені, СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің сыртқы қабатын (крайняя плоть) зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүреді екен;

Сүндетке ұлдарын отырғызған ата-аналар қол көтеріп қоямыз.

P. S: Бұрынғы заманда сүндеттеуді қожа-молдалар жасаған, ал қазір хирургия саласы бойынша жоғары медициналық білімі бар маман жасайды. Ескілікке салынбаймыз, әр істі өз маманына тапсырыңыз.
479 views14:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 16:47:20 Е дәрумені – маңызды антиоксиданттарға бай майда еритін адам ағзасына пайдалы витамин.

Ол табиғатта сегіз түрлі формада кездеседі. Антиоксидант ретінде ағзаны сүт қышқылы сияқты зиянды токсиндерден қорғайды. Токоферол (Е дәрумені) гемдер мен ақуыздардың биосинтезінде, жасушалардың көбеюінде, тіндердің тыныс алуына және жасушалардағы басқа процестерге қатысады. Е дәруменіне бай өнімдер: жасыл өсімдіктер, сүт, жұмыртқа, бауыр, ет, сондай-ақ дән ұрықтарында, шырғанақ, шпинат, брокколи, кебек және де басқа да дәнді дақылдарда көптеп кездеседі. Е дәруменінің күнделікті қажеттілігі Жасы мен жынысына қарай өзгереді:
6 айға дейінгі балалар – 3 мг
7-12 айлық балалар – 4 мг
1-3 жасар балалар – 6 мг
4-10 жасар балалар – 7 мг
11 жастан жоғары ер адамдар – 10 мг
11 жастан жоғары әйел адамдар – 8 мг
жүкті әйелдер – 10 мг
емізулі әйелдер – 12 мг.
Е дәруменінің пайдасы Е дәрумені маңызды антиоксидант болып табылады қартаю процесін баяулатып, оны жақсартады иммунитетті арттырып, вирус пен қауіпті бактериялық инфекциядан қорғайды тіндердің қалпына келуіне көмектеседі қан айналымын жақсартады теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды гормондарды синтездеуге қатысады терідегі тыртықтар мен олардың орнын қалпына келтіреді қуықтың қатерлі ісігінен қорғайды, жасушаларды қайта қалпына келтіріп, жүйке жүйесін жақсартады Е дәруменінің негізгі пайдасы жүктілік кезінде аса маңызды оң әсерін тигізеді.
Е дәруменінің артық дозалануы: диарея, метеоризм, құсу, қан қысымының көтерілуі және аллергиялық көріністің пайда болуы. Е дәруменін ауыз арқылы қабылдаған кезде асқазан-ішек жолына сіңеді, оның көп бөлігі лимфаға енеді, барлық тіндерге тез таралады, өтпен және зәрдегі метаболиттер түрінде баяу шығарылады.
1.0K views13:47
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 17:08:30 Балаңыздың сарғыштығы қай күні пайда болды?

Қанша күнге созылды? Сарғаю дұрыс па?
Бұл процесс қалай жүреді алдымен соған тоқталайық.
Нәрестелердің сарғыштануы – қанда билирубин деңгейінің көтерілуімен жүретін жағдай. Билирубин— гемоглобиннің ыдырауы нәтижесінде түзілетін қызыл-сары пигмент.Қанда билирубиннің жоғары деңгейі кезінде тері және шырышты қабаттар сары түске боялады. Осы жағдайды сарғыштану деп атайды. Нәрестелердің сарғыштануы әдетте физиологиялық процесс. Бауыр толығымен дамымағандықтан пайда болатын қалыпты жағдай. Бұл сарғыштану түрі бірнеше күн ғана жүреді. Сарғыштануы бар нәресте дәрігердің қарауында, қандағы билирубин деңгейі қалыпты деңгейге түскенге дейін болады. Нәресте анасының құрсағында өскенде, плацента нәресте организмінен билирубинды шығарып отырады. Плацента жүктілік кезінде нәрестемен бірге өсіп, нәрестені қорғайды. Нәресте туылғаннан кейін бұл функцияны бауыр орындайды. Бауыр бірден фетальды гемоглобин(балалар эритроцитінде болатын ерекше гемоглобин) ыдырағанда, онымен байланысып шығып кететін белок мөлшерін аз синтездейді. Бұл процесске бірнеше уақыт қажет болады. Бұл жағдай қауіпті емес және 2-4 күні пайда болады. Симптомдар 2 апта ішінде жоқ болып, асқынулар бермейді.
458 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 18:19:10 Гидроцеле (водянка яичка) жаңа туған сәбилерде жиі кездесетін ақаудың бір түрі. Бұл ұманың қуысында сұйықтық жиналуы.
Сәбидің ананың құрсағында дамуы кезінде аталық бездер ұрықтың іш қуысынан түтік арқылы ұмаға түседі. Осы түтік жабылмаса, гидроцеле пайда болады. Ол арқылы сұйықтық іш қуысынан ұмаға ағады. Бұл оның ісінуіне апарады. Көбінесе, гидроцеле туғаннан кейін бірнеше айдан кейін өтеді. Кейде ауру шаптың жарығымен қоса пайда болуы мүмкін. Негізгі симптомы – аталық бездердің ауырсынбай ісінуі, олар сулы шар секілді көрінеді. Гидроцеле біржақты немесе екіжақты да болады. Медициналық тексеру жүргізгенде, ісінген, бірақ, басқанда ауырмайтын ұманы байқаймыз. Көпшілік жағдайда сұйықтық жиналуына байланысты аталық безді басып байқауға мүмкіндік болмайды. Ұманың сұйықтыққа толы өлшемі ішті немесе ұманы басқанда үлкейіп, азаюы мүмкін. Егер осы кезде ұманың өлшемі өзгеретін болса, бұл шаптың жарығы болуы мүмкін. Гидроцелені ісінге аумаққа фонарьдың жарығын түсіріп жеңіл анықтауға болады ( диафаноскопия). Егер ұма мөлдір сұйықтыққа толы болса, ол жарықты өткізеді. Аурудың диагнозын нақтылау үшін УДЗ (УЗИ) жасау қажет. Міндетті түрде уролог дәрігердің бақылауында болу керек.
998 views15:19
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 16:38:40 Екпе егу күнтізбесі!

Перзентханада алғашқы 1-4 тәулікте - БЦЖ (туберкулез) + ВГВ(гепатит В) - ға қарсы екпе салынады.

2 айында - ОПВ (полиомиелит) + ВГВ(гепатит В) + АбКДС(көкжөтел , дифтерия, сіреспе)+ Хиб(гемофильді инфекция)+ Пневмо (пневмококкты инфекция) салынады.

3 айында - ОПВ (полиомиелит)+ АбКДС (көкжөтел , дифтерия, сіреспе) + Хиб (гемофильді инфекция) салынады.

4 айында - ОПВ (полиомиелит)+ ВГВ(гепатит В) + АбКДС(көкжөтел , дифтерия, сіреспе)+ Хиб(гемофильді инфекция)+ Пневмо (пневмококкты инфекция).

12-15 айында -ОПВ (полиомиелит)+Пневмо (пневмококкты инфекция)+ ККП (қызылша, қызамық, паротит) салынады.

18 айында (1жас, 6 ай) - ОПВ (полиомиелит)+ Гепатит В + АбКДС(көкжөтел , дифтерия, сіреспе)+ Хиб(гемофильді инфекция).

2 - 2,6 жаста вирусты гепатит А қарсы екпе салынады.

6 жасында - БЦЖ (туберкулезге қарсы)+АбКДС(көкжөтел , дифтерия, сіреспе)+ ККП (қызылша, қызамық, паротит).

16 жас- АДС-М (дифтерия, сіреспеге қарсы).

Әрбір 10 жыл сайын: АДС-М(дифтерия, сіреспеге қарсы).

ЕНГІЗУ ОРЫНДАРЫ:
ОПВ(полиомиелитке қарсы) - ауызға тамызу арқылы;
Тоқпан жіліктің жоғарғы 1/3;
Санның 1/3. ⠀

Сіз балаңызға уақытылы екпе салдырасыз ба? Екпеге қарсы көрсеткіштер мен қалай дайындалу керектігі жайлы пост қажет десеңіз, Пікірге + жаза кетіңіз!
604 views13:38
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 18:10:50 Бала қанша су ішуі керек?

Алдымен төмендегілерді ұсынайын:
ДДСҰ(ВОЗ) туылғаннан бастап су беруге қарсы емес. Бірақ, 6 айға дейін тек қана емшекпен емізуді ұсынады. Суды әр баланың жағдайына қарап беру керек. Мысалы: емшектегі балада іші қата берсе - қосымша су ұсыну керек. Атопиялық дерматит кезінде міндетті түрде беру керек! Өт қабының қисаюы т.б асқорыту жолдарының аурулары кезінде де су беру керек.
Жасанды тамақпен қоректенетін балаларға су міндетті түрде туылғаннан бастап беру керек. 1-2 шай қасықтап бастайсыз. Су қайнаған болуы керек. Жылы күйде бересіз. Кейбір аналар бір-екі рет су ішпей шығарып тастаса бермей қояды. Ол дұрыс емес! Балаға жайлап үйретіңіз.
Ана сүтінің 87%-ы судан тұрады. Шырынның 90%-ы, кока-коланың 93%-ы су. Бірақ осылардың ешбіріне суға қанғандай қанбайсың. Судың орны бөлек! Сок, колаларды ішкенде инсулин бөлінеді, ферменттер іске қосылып қорытылады. Ал су ауыз қуысынан бастап қорытыла бастайды. Пайдалы
Егер балаға ерте жастан су беріп үйретсеңіз ОРВИ(ЖРВИ), іш қату, құсу, іш өту, жоғары қызба(температура) т.б су ішуді талап ететін жағдайларда қиналмай ішетін болады.
Су бермесеңіз де ӨЗ ЕРКІҢІЗ. Ешкімді қинау жоқ! Бастысы - балаңыз аман болсын! Кітаптағыдай емес, тәжірибеге сүйеніңіз!

Сонымен, бала қанша су ішуі керек?
1 жасқа дейінгі бала:
1 ай - 30 мл
2 ай - 60 мл
3 ай - 90 мл
4-12 ай - 200 мл дейін.
1-3 жас - 700-1000 мл/тәу.
3-7 жас - 1-1,5 литр/тәу.

Валлачи формуласы бойынша да есептеуге болады:
Ол үшін: Бірден мысалмен көрсетейін: баланың жасы 5-те, салмағы 17 кг, әр салмағына 85 мл су керек. Яғни, тәулігіне 1,4 литр сұйықтық қажет.

Балаға суды қалай ұсыну керек?
1 жасқа дейін тамақтануға 30 мин қалғанда беру керек. Басқаларға тамаққа дейін немесе кейін бере беруге болады.

Егер балада зәрі қоңырқай сары, қанық түсті болса, күні бойы аз кіші дәретке барса, іші қатса, терісі құрғақ, гемоглобин мен тромбоцит, эритроциттері жоғары болса - бұл сусыздану белгілері. Жылдам су ішуін қадағалап, реттеп, анализдерін қайта тапсырту керек.
1.1K views15:10
Ашу / Түсініктеме