Get Mystery Box with random crypto!

Балаға массаждың пайдасы Кезінде массаж алмай-ақ өстік қой, | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Балаға массаждың пайдасы

Кезінде массаж алмай-ақ өстік қой, сендер қайдан шықтыңдар?-депті бір декретте іші пысып отырған ана

Сіз қайдан білесіз, анаңыз бен әжеңіз осы қыздың жауырыны жабыспасын деп массаж жасағанын, үнемі шомылдырған сайын сылап-сипап өсіргенін

Балаға массаждың пайдасы ұшан теңіз. Нақтырақ айтайық:

Адаптация(қоршаған ортаға бейімделеді)

Өз жасына сай дамуы(басын ұстау, аунау, еңбектеу, отыру, жүру)

Танып білуге қабілеттің артуы(массаж кезінде қанайналым жақсы болған соң бас-ми жақсы жетіледі)

Қорқынышты диагноздардың алдын алу(Қисықмойын, дисплазия, гипоксия, гипо-гипертоус, майтабан, Рахит, вальгус, варусты табан т.б)

Мықты Иммунитет(массаж алушы балалар алмайтындарға қарағанда сирек ауырады)

Салмақты нормасымен қосу(бала арық болса массаждан соң қарыны ашып еміп салмақ қосады, ал артық салмағы болса тастайды)

Барлығына икемді(болашақта балаңыз спортқа, биге, көркем гимнастикаға қай салаға болсын ебі келетін икемді болады)

Күн көрмей, дұрыс күтім жасалмаған өсімдік гүл ашпайды, солады не қурайды. Үйіңіздегі кішкентай ғана өсікініңіз ГҮЛ болғанын қаласаңыз массаж жасаңыз.

СІЗ БАЛАҢЫЗҒА НЕШЕ РЕТ, ҚАНША АЙЛЫҒЫНДА МАССАЖ АЛДЫҢЫЗ? Тек шыныңызды жазыңызшы