Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАМ ТІСПЕН ТУЫЛДЫ Таң қалмаңыз, естімеген елде көп, бірақ | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛАМ ТІСПЕН ТУЫЛДЫ

Таң қалмаңыз, естімеген елде көп, бірақ солай туылатындар да бар. Барлық бала кітапта жазылғандай бірдей бола бермейді. Әрқайсысының жеке дамуы бар.

Қалыптыда балаға
6-7 ай 2 тіс
8-9 ай 4 тіс
10-12 ай 8 тіс
12-16 ай 12 тіс
16-20 ай 16 тіс
24-30 ай 20 тіс шығуы керек.

Сүт тістер 5-6 жастан 10-12 жасқа дейін түсіп қайта шығады.

Тіс шығуы үлкен процесстерден өтеді.

СҮЙЕКТІ ЖАРУ
Бұл балада 2.5-3 айдан басталады. Баланың ауызына қолын сала беретін, сілекей ағуы көбейетін уақыт. Сүйек жаруын баланың ауызын ашқанда бірден байқайсыз. Қызыл иегі томпайып, астында тіс ізі байқалады. Бірақ сіз күткеніңізбен тіс шыға қоймайды. Баланың ұйқысы, емуі жақсы, бірақ ызыңдап жылауы мүмкін.

ҚЫЗЫЛ ИЕКТІ ЖАРУ
Қызықтың бәрі осы кезде басталады. Бағанағы ауызындағы күнде аңдып жүрген тістің көрінетін кезі. Әр балада әртүрлі болады. Бірінде тіс шыққаннын байқамай қалған болсаңыз, кейбір балада ауыр өтеді. Белгілері: мазасыздық, температураның субфебрильді (37.1-38.0) көтерілуі, тәбеті жоғалу, қолына түскен затты ауызына апарып тістелеуге тырысу, қызыл иектің қызарып, ісінуі, іш өту, кейде құсу. Бұл белгінің барлығы болуы міндетті емес. Болмаса тіпті жақсы.

Тіс шығуын жеңілдету үшін не істейміз?

Баламен бірге қосылып жыламай, балаға көмектесуге ниеттенесіз
Тісжарғыш резина ойыншықты салқын суға салып не мұздатқышқа қойып ап балаға береміз (қызыл иектегі қызару мен ісікті басуға көмектеседі)
қызыл иекті массаждаймыз (қолға стерильді қолғап киіп уқалауға болады) немесе аптекадан арнайы силиконды щётка алып сонымен массаждаңыз
1 стақан суға 0.5 шай қасық ас содасын ерітіп сұқ саусаққа бинт орап қызыл иекті сүртіп отырамыз (ауырсынуды басады)
Аптекадан ауырсынусыз тіс шығуына көмектесетін арнайы гель алып жағып қойсаңыз болады (түрі көп, қалтаңыз көтергенін ала беріңіз бәрінің құрамы бірдей)
Баланың жеке жағдайына қарай: температура болса қызу түсіретін препарат деген сияқты дәрігерлік тағайындаумен қосымша бересіз.

Тіс шығуы кешеуілдесе мамандарға көрсетіп сүйек құраушы элементтерді беру керек(кальций, Д3, фосфор)

Сіздің балаңызда неше айда тіс шықты?