Get Mystery Box with random crypto!

Ананың 40 күн күтімі Бала, бала деп анасы шетте қалмасын. Бүг | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Ананың 40 күн күтімі

Бала, бала деп анасы шетте қалмасын. Бүгінгі пост сіздер үшін. Ал, мен үшін жүрекше

"Ешкім, өз-күнімді өзім көрдім"
"қарасатын адам болмады"
"үйде ер адамлар көп, мені дұрыс түсінбей қалар дедім"
"енем қатал, тіршілігіме кірісіп кеттім"

Қалжа қайда қалды? Бел қатаюы қайда?

40 күн босанушылар үшін (әсіресе тұңғышын) күтім маңызды. Күтімді тізіп шығайық.

ТЕРЛЕУ
Бір ұрттам су ішсеңіз де босанғанда терлейсіз. Босану сөзі босаңсудан шыққан. Яғни бойыңыз толық балқып, босап тұр. Ағзадағы баладан қалған артық қан, шлак, токсин 9 ай бойыңызға жиналған қалдықтарды шығару үшін терлеу керек. Босанғанда тер шықпаған анадан, кейін түрлі ауру шығады.

ЖЫЛЫ КИІНУ
Ең бірінші жылы ұстайтын жеріңіз төс(омырау,емшек). Балаңызды тамағынан ерте айырығыңыз келмесе, түрлі асқынулы сүт безінің ауруларының алдын алу үшін жылы орап ұстаңыз. Әйелдің ең нәзік, сезімтал, ауырса жанды жері де осы.
Екінші табан .Табанда түгелдей ағзамен байлансатын нүктелер бар. Табаннан суық кірсе, маңдайдан тесіп шығады.

СУЫҚ ҰСТАМАУ
Баланың киім шая салайын, далаға жая салайынның артында саусақ буындары қақсауы жатыр. Ұстап алып отырмасаңыз да, морозильникке ет алуға қолды 1 салғанның өзі суық тигізуге жеткілікті.

АУЫР КӨТЕРМЕУ
Сіздің 12 мүшеңіз шашылып, қайта жинала алмай, 62 тамырыңыз иіп жатыр. Жүкті кезде 1 шелек суды босанғанша көтерген шығарсыз, бірақ қазір емес. Жатыр жиырылып, бел-сегізкөз-құйымшақ бөлімдерінде үлкен өзгерістер болып жатқанда 3 кг нан артық зат көтермеңіз.

ВАННА, БАНЯ, БАССЕЙНГЕ ТҮСПЕУ
40 күн бойы денеге су тигізбей ұстау мүмкін емес. Қажетінше жылы душ қабылдаңыз. Оған әжеңіз ұрыспаса, медицина рұқсат беріп қойған. Тек су толтырып ваннаға жатпаңыз, ыстық баняға бармаңыз, көлге, бассейнге балықша жүзудің керегі жоқ.

СОРПАЛАНУ(ҚАЛЖА ЖЕУ)
Сорпа дегенде ҚАЗАҚ болып туғаныма қуанып кетем
Жас малдың етінен сорпа қайнатып 40 күн үзбей ішіңіз. Сиыр, ешкі емес қой мен жылқы еті жақсы күш-қуат береді.