Get Mystery Box with random crypto!

НӘРЕСТЕНІҢ АУЗЫНАН СІЛЕКЕЙ АҒУЫ ⠀ Сілекейдің көп бөлінуіні | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

НӘРЕСТЕНІҢ АУЗЫНАН СІЛЕКЕЙ АҒУЫ

Сілекейдің көп бөлінуінің медициналық атауы — ГИПЕРСАЛИВАЦИЯ.

Мыналарда қалыпты жағдай болып есептеледі:
2 айдан бастап 3-4 жасқа дейінгі балалар үшін.
тісі шығып жатқан балалар үшін

Сілекей не себепті көп бөлінеді?

Алла Тағала әр дене мүшені, қызметін босқа жаратпаған!!!

Сілекей бұл ағзаның қорғаныстық реакциясының бірі. Кіші жастағы балалар аузына кез-келген затты салады. Ауызға зиянды бактериялар түсу қаупі бар. Ал сол бактериялар сілекеймен шайылып сыртқа шығарылып отырады.

Сілекей құрамында бактерияларға қарсы тұратын лизоцим деген зат болады. Ол көптеген зиянды микроорганизмдерден ауыз қуысын тазартады. Яғни, балада сілекейді көп ағуы пайдалы.

Кей жағдайларда сілекейдің көп бөлінуінің себебі мыналар болуы да мүмкін:

Сілекей бездерінің қабынуы;
Асқазан-ішек жолдарының аурулары;
Аллергия
Стоматит
Молочница

Егер бала тынымсыз, мазасыз болса, температурасы көтерілсе дәрігерге апарып, емін алу керек.

Ал, бала тыныш, көңіл-күйі жақсы, тамақтануы жақсы, температурасы болмаса, сілекей ағуы қалыпты деген сөз.

Ақпарат пайдалы болды ма?