Get Mystery Box with random crypto!

2-3 ЖАС АРАСЫНДАҒЫ ДАМУ ⠀ 1.Көру арқылы қабылдауы - 2 жаста ба | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

2-3 ЖАС АРАСЫНДАҒЫ ДАМУ

1.Көру арқылы қабылдауы
- 2 жаста бала теледидар қарағанда өзіне таныс заттарды танып атайды, көп суреттерді қарайды, таниды
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала суретке қарап әңгіме құрастыра алады, үлкен кіші дегендей, қайда тұрғанын айтады

2.Есту арқылы қабылдауы
- 2 жастан бастап сыртқы ортаның дыбыстарын ритмін жақсы түсіне бастайды

3.Ірі моторика (крупная)
- 2 жаста бала еркін жүгіреді, отырып тұрады, бір аяқта еркін ештеңенің
көмегінсіз тұра алады
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала баспалдақтан екі аяғымен кезек-мезек шығып түсе
алады
- 3 дөңгелекті велосипедте жүре алады

4.Ұсақ моторика (мелкая)
- 2 жаста бала көрсетілге вертикальды, горизонтальды сызықтарды сыза алады
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала карандашты дұрыс ұстай алады, демек
КАРАНДАШПЕН фигураларды үлгіге қарап сыза алады

5.Импрессивті сөйлеуі
- 2 жас 5 айлық кезеңде бала қысқа ертеңгі әңгіме айтсаңыз түсінеді
- сол айтқан ертегіңізден сұрақ қойсаңыз жауар береді
- бір іс-әрекет барысында 10 түрлі инструкциясы болса, соларды жасай алады

6.Экспрессивті сөйлеуі
- 2 жаста бала 3-4 сөзден тұратын қысқа сөйлемдерді құрастыра алады
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала "қайда" "кім" "неге" деген сияқты сөздермен
сөйлем құрастырып бастайды
- айтылған сөйлемдерді тез қайталайды

7.Интеллект
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала 2-3 бір-бірімен байланысқан іс-әрекеттен тұратын
өтінішті орындай алады. Мысалы, шкафқа барып, кукланы алып, маған әкел деген сияқты

8.Конструктор құрастыру
- күрделі конструкторларды
құрастырып бастайды

9.Өз – өзіне қызмет етуі
- 2 жаста бала қатты тағамдарды өзі жейді
- өзі қолын бетін жуа алады
- өзі күндіз горшокқа отырғыз деп айта алады
- қасықпен, вилкамен тамақ жей алады
- қарапайым киімдерін өзі кие алады: шапкасын, қолғабын

10.Ойын ойнауы
- 2 жаста бала белсенді ойындар ойнайды, телефонмен сөйлесіп
- 2 жас 6 айлық кезеңде балада рөлдік ойындардың алғашқы элементтері пайда
болады, яғни куклаға тамақ беруі мүмкін

11.Эмоциясы
- «мен», «сен» деген сөздерді дұрыс қолдана алады, жақсы түсіне бастайды

Жалғасы @anabala_kz каналында