Get Mystery Box with random crypto!

ВНУТРИЧЕРЕПНОЕ ДАВЛЕНИЕ ⠀ Қазіргі таңда жиі кездесетін диагноз | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ВНУТРИЧЕРЕПНОЕ ДАВЛЕНИЕ

Қазіргі таңда жиі кездесетін диагноздардың бірі. Көп аналар:
"Баламның басында черепной давлениясы бар деді. Ол неден пайда болады? " деген сұрақтарды өте көп қояды.

-Внутри черепное давление-ми қабықшаларының ішіндегі сұйықтық қысымы. Қарапайым тілмен айтқанда - ми және жұлын сұйықтығының қысымы.

Внутри черепное давление қалай пайдаболады?:

Негізгі себебі: ми қабықшаларындағы сұйықтықтың түзілуі мен сіңірілуі арасындағы тепе-теңдік бұзылуында; сонымен қатар бастың веноздық қан айналымының бұзылуынан.

Бұл жағдайға қандай себептер алып келеді?
Анасының жүкті және босану кезіндегі қиындықтар:
Токсикоз
Жүкті кездегі күйзеліс
Жатырішілік инфекция болуы
босану кезіндегі баладағы гипоксия (оттегі жетпеу)
баланың мойнына кіндігі оралуы
бала басының және мойнының босану кезіндегі жарақаттары
ұрық жолдасының ерте ажырауы.

Егер, бас ішілік қысым көтерілсе, мидың қысылуына алып келеді. Ол өз кезегінде ми қызметіне кері әсер етеді. Содан көптеген неврологиялық бұзылыстар пайда болады.

Внутри черепное давление бар екенін қалай білуге болады?

Баланың түнгі ұйқысы бұзылады, бала мазасыз болады.

Лоқсу, құсу (емізуге байланыссыз) және де баланың емуінде проблемалар болуы мүмкін.

Еңбегінің ісінуі және қатты пульсациясы, бастың тері асты веналары ұлғаюы, бас сүйек жіктерінің дұрыс бітпеуі, бас көлемінің үлкеюі, маңдайының тым үлкен болуы.

Өсе келе псиxикалық, сөйлеу, внимание, есте сақтау, ойлау қабілеттерінде қиындықтар туындауы.

Физикалық өсуідің артта қалу.

Бұлшықеттерінің гипертонусы, судороги болуы.

Бас ауыру, көз көруінде қиындықтар және т.б проблемалар болуы мүмкін.


Егер де, сіздің балаңызда жоғарыдағыдай симптомдар кездессе невролог маманның толық тексеруінен өтіңіз. Қажет болса нейросонография, бас МРТ немесе КТ-сы, доплерография, реоэнцефалография (РЭГ) тағайындайды. Емін де невролог маман өзі жазып береді.

Сіздің балаңызда внутри черепное давление болды ма?