Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 26

2021-11-13 17:58:23 Күйіп қалса...

Термиялық күйік мына жағдайларда болады:
Ыстық сұйықтықтар (қайнаған сумен немесе бумен );
Қатты заттармен жанасу күйіктері;
Жанып жатқан отқа күю;

Ең маңызды ереже - сақтық шараларын сақтау, балаға қауіп төніп тұрғанын алдын-ала білу. Баланың өмірі үшін жауапкершілік өзіңізде екенін ұмытпаңыз.


Күйік кезіндегі жасалатын дұрыс әрекеттер:
Бірінші әсер ету көзін алып тастаймыз;
Зақымдалған жерді тазалаңыз (киім, аяқ киім), егер мата немесе киім жабысып қалған болса, оны айналдыра кесіңіз;
Күйген жерді ағын сумен салқындатыңыз (5-15 ° С) 10-15 минут;
Балаға біраз су ішкіземіз;
Қажет болса ауырсынуды басатын дәрілерді (ибупрофен, парацетамол) жасына қарай береміз;
Зақымдалған бетті таңғышпен жабыңыз (оны хлоргексидинмен немесе фурацилинмен ылғалдандыруға болады);

Есіңізде болсын: алғашқы көмек қаншалықты дұрыс көрсетілген болса, соншалықты соңғы нәтижеге әсер етеді.

Жасауға болмайтын іс-әрекеттер
Жабысқан киімдерді денеден тартып алу;
Күйген жерді мақтамен жабу;
Мұз / қарды зақымдалған жерге қою;
Күйіктен пайда болған көпіршіктерді өздігімен жару немесе алып тастау;
Май және құрамында спирті бар заттарды (май, қаймақ, спирт, йод) жағу.

Бұл ақпарат сізге пайдалы болды деп ойлаймын, лайк басып,өзңізге оны сақтап алыңыз.
25 views14:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 17:38:43 Босанған соң шаштың түсуі бала емізгенге байланысты ма?

Босанғаннан кейін көп аналар шаштың түсуін бала емізгенмен байланыстырып жатады. Алайда босанғаннан кейін шаштың түсуі гормоналдық фонға байланысты. Жүктілік кезінде эстроген гормоны жоғары болады. Әсіресе соңғы 3 айларында. Соның әсерінен шаш белсенді түрде өсіп,қатайып, түсуі де аз болады.

Ал бала емізіп жүргенде шаш уыстап түсіп жатқанда аналар паникаға түсіп жатады.

Неге? Себебі босанғаннан кейін эстроген бірден түсіп кетеді. Соның әсерінен шаштың түсуі көбейеді. Сонымен қатар соңғы 3 айда түспеген шаштар қосылады. Содан аналар үрейленіп жатады. Бұл қалыпты жағдай.

Бірақта сіздің ағзаңыз бала емізгенде 2 адам үшін жұмыс жасайтын ұмытпаңыз. Соны ескере отырып көп тағамдарды шектемей,витамин мен минералға толы асты пайдаланған жөн.

Ал сіз бала емізгенде шашыңыз көп түстіма?
386 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2021-11-11 18:27:15 Неге бала қатты жылағанда кіндігі шығып кетеді?

Жылаған кезде кіндіктің шығуы ол кіндік сақинасының кеңейуінен болады, яғни алғашқы кіндік грыжасының симптомдары болып табылады.

1 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі.Туа пайда болған және жүре пайда болған түрлері болады.

Осыны туындататын себептер:
құрсақ ішіндегі қысымның жоғары болуынан
бұлшық ет тонусының төмендеуі
іш қатуы
артық салмақ
бала қатты жылап ішперде бұлшық етіне күштеме түскендіктен
рахит т.б. себептері болу мүмкін

Ал егерде осындай жағдай туындап жатқанда қай дәрігерге көрсеткен дұрыс?
387 views15:27
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 16:56:05 Неге нәрестеңіз қатты жылығанда көгеріп кетеді?

Бала өз қалауын жылау арқылы білдіреді. Мына жағдайларда:
қарны ашқан кезде
салқындап немесе ыстықтаған кезде
мазасын алатын әрекеттер кезде
іші ауырған кезде және т.б. жағдайларда жылау арқылы білдіреді.

Ал егерде бала қатты жылап көгеріп жатқан байқасаңыз дереу жұбатып, кеудеңізге алып тыныштандырыңыз.
Жиі кездесетін себептің бірі жүктілік кезінде балада гипоксия болуы мүмкін.
Баланың 1 айлығында гемоглобинге тапсырып білген жөн.

Сонымен қатар иегі дірілдеп немесе қолдары дірілдеген жағдайлар жиі болатын болса міндетті түрде педиатрға, невропатологқа көрсеткен жөн.
574 views13:56
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 18:01:41 ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ IШI НЕГЕ АУЫРАДЫ?

Iштiң ауыруы немесе колики деп жатамыз бұл ауру емес, ол физиологиялық қалыпты үрдіс.

Онда неге iш ауырады?
Асқазан iшек жолдары жаңа туылған сәбиде толық қалыптаспаған. Неліктен? Себебі бала 9 ай бойы ана құрсағында жатқанда, барлық құнарлы тағамдарды бала жолдасы арқылы, яғни қан арқылы анадан балаға берілiп отырады.

Ал бала дүниеге келгеннен кейін iшек жолдары жұмыс істеп, онда микрофлора қалыптаса бастайды. Сондай-ақ тамақты қорытуға ферменттер бөлiне бастайды. Бірақ ол ферменттер жаңа туылған сәбиде жеткіліксіз, iшек жолдарының моторикасы(қозғалысы) төмен болады. Соның нәтижесінде ауа жиналып шығуы қиындайды. Балаңыздың мазасы кетiп, жылуының себебі осында.

Колики кезінде балаңызға қалай көмектесесiз?
1.1K views15:01
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 17:01:56 Сәбилерде кездесетін ТIКЕНЕК.

Оны калай алуға болады?

Тiкенек дегенiмiз не өзі?
Сәбидің арқасындағы терісін жарып өтiп шыға алмай жатқан түк. Мұндай түктер сыртқа жарып шыға алмағандықтан, тері астында өсiп баланың денесіне батып мазасын алып, ұйқысы бұзылып және арқасымен жата алмайды. Кейбір сәбилерде қолында және аяғында тiкенек анықталып жатады.
Бұл тiкенек кез келген балада кездесе бермейді.
Қалай анықтауға болады?
Баланы iшпен жатқызып арқасын арнайы массаж майымен уқалаймыз. Сол кезде қолымызға  түйіршік болып байқалады. Соны алып тастап отырамыз.
Ескеретін жәйт 3 мин артық уқалауға болмайды. Егер тiкенек болмаса, сiздiң балаңызда жоқ деген сөз.
1.3K views14:01
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 16:46:26 Баланың аузынан сілекей ағуы қалыпты ма?

Бала 2-3 айға толғаннан бастап болатын физиологиялық ерекшеліктерінің бірі аузынан көп сілекей бөлiнуi.

Көп жағдайда тiстiң шығу уақытымен тұспа тұс келiп жатады. Сондықтанда тек тiстiң шығуымен байланыстырудың қажетi жоқ.

Себебі сілекей бездері сілекей өндіре бастайды. Сонымен қатар бала бұл уақытта сiлекейдi жұта алмайды. Сырттан қарағанда баладан көп сілекей бөлiнiп жатқандай көрінеді. Балаңыз шайнауды үйренген кезде, сiлекей ағуы тоқтайды. Себебі сол кезде бала сiлекейiн жұтып үйренеді.
1.6K views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 17:12:13 Баланың аяқ ұшымен жүруi қалыпты ма, әлде...

Оның себептері неде?
Соған алып келетін себептері өте көп. Соның ішінде жиі кездесетіндері:
Балтыр аяқ бұлшық етiнiң тонусы жоғарылағанда(ұстап көргенде қатты болып келеді қалыптыға қарағанда)
Тұқым қуалайтын нерв бұлшық еттің аурулары
Туа біткен табанның деформациясы
Туа біткен ахилл сiңiрдiң деформациясы (өкшеден сәл жоғары орналасқан)
Сонымен қатар ХОДУНКИ,себебі денi сау балаларға жанама әсері бар екені зерттеуден өтiп дәлелденген. Көп аналар жүруге дайын емес балаларды ходункиге отырғызады. Содан олар аяқ ұшымен итерудi үйреніп, рефлекторды түрде табан бұлшық еттің тонусын жоғарылатады

Егер аяқ ұшымен жүрсе балаңызды невролог, ортопедке көрсеткеніңiз жөн. Ары қарай қандай ем - шара қолдану керек екенін тағайындап береді.
500 views14:12
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 18:31:55 Сәбидің тiсi шығуы туралы не білуіміз керек?

Баланың тісінің шығу уақыты негізі 6 айында басталады. Бірақ кейде сәбилерде  4 - 5 айында тiсi жарып шығуы мүмкін. Сондықтан егер балаңыздың алғашқы тісі 5-6 айдан бұрын шықса, ол патология болып саналмайды. 2 жасқа дейін балада 20 тici жарып шығады. Егер баланың тiсi кеш шыкса оны ескеру қажет.

Тіс көзге көрінгенге дейін әлдеқайда ерте шыға бастайды. Тіс қызыл иектің жұмсақ тінінен өте бастағандағы уақыт бала үшін ең ауыратын кезең болып табылады. Осы жағдай баланы ауыртады. Бала мазасыз бола түседі.
Сол кезде ата-анасы баланы касында болып оның көңілін аулап. Ыңылдаған кезінде баланы көтеріп, ойнатып, көбірек емізуге тырысыңыз.

Егер тіс етіне қарасаңыз, ол қалыпты жағдайдан сәл үлкейе түседі және аздап қызарады. Бала қолына түскеннің бәрін аузына сала береді.

Тіс жарған кезде балада көп сілекей ағуы мүмкін. Бұл тіс етінің жұмсақ тінінің зақымдалуымен байланысты.

Аналардың көпшілігі балада тіс жару кезінде тұмау болатынын да айтады. Жұқпа әсерінен пайда болған тұмау мен тіс жару кезіндегі мұрыннан су ағуды айыра білу керек. Тіс жару кезінде мұрыннан түссіз сұйық су ағады, бұл кезде баланы дәрімен емдеудің қажеті жоқ. Бастысы, гигиенаны сақтап, мұрнын уақытылы тазалап, құрғатып отырыңыз.

Тіс жару кезінде температура болады.

Баланың тіс жаруы кезінде күнделіктіге қарағанда көбірек сілекей жұтатындықтан бала үлкен дәретке жиі бара түседі. Ол жағдайда бала емдеуді қажет етпейді. Бірақ егер бала үлкен дәретке күніне 5-6 реттен артық барса, баланы педиатрга көрсету керек.

Сондықтан сабырмен күтіңіз. Тіс қызыл иекті жарып шыққан соң, аталған белгілер тоқтап, бала өз-өзіне келеді.
444 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 18:14:25 Цистит

Бұл бала несеп жолдарының зақымдануы. Басты белгісі қуық аймағының ауырсынуы, жиі дәретке шығу және кей жағдайда дәретті ұстай алмау. Көбінде қыз балалар жиі ауырады. Дер кезінде дәрігерге көрсетпесе жоғары бүйректің зақымдануына әкеледі.

Балалар көпшілік ортада тысқа шыққысы келгенін қысылып немесе ерініп айтпауы мүмкін. Дер кезінде шығарылмаған дәрет зәр шығару жүйелерінің қуыс-қуысына тарап кетеді де, ол жерге бактерия жиналады. Бактериялар цистит секілді бірнеше ауруларға себепші болады. Сондықтан тәрбиешілер, мектепте мұғалімдер оқушылардан жиі «сыртқа шығасың ба?» деп сұрап отыруы керек.

Цистит БЕЛГІЛЕРІ байқалғанда зәрдің түсі, иісі өзгереді. Бала зәр шығарып болған соң қуық айналасы ашып, бала жылайды. Кей жағдайда кіші дәретте қан байқалады.

ЕМДЕЛУ ЖОЛДАРЫ:

Міндетті түрде жеті күнге дейін антибиотик пайдалану керек; Тек
дәрігеріңіздің нұсқауымен

Аяқты жылы ұстап, үй жағдайында жылы сумен ванна жасау керек;

Қуық айналасына ыдысқа құйылған ыстық суды басуға болмайды, тек жылы мата қойыңыз;

Балаларға үй ішінде шұлық киігізіңіз, аяқ киімінің ұлтарағы қалың болуы маңызды.

Күнделікті зәр шығару органдарын кір сабынмен жуып, іш киімін ауыстырып тұрыңыз;

Цистит кезінде балаға ащы тағамдар бермеңіз. Мүмкіндігінше сұйық тағамдарды, сүт өнімдерін көп жесін.

Ауру кезінде төсек режимінде жатып емделген пайдалы. Өйткені қуық ауруларына бірқалыпты жағдайда жатудың оң әсері мол.
687 views15:14
Ашу / Түсініктеме