Get Mystery Box with random crypto!

НЕГЕ СІЛЕКЕЙ АҒАДЫ? ⠀ Гиперсаливация дегеніміз сілекейдің к | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

НЕГЕ СІЛЕКЕЙ АҒАДЫ?

Гиперсаливация дегеніміз сілекейдің көп бөлінуі. Бұл 2 айдан бастап 3-4 жасқа дейінгі балалар үшін қалыпты жағдай. Және де тісі шығып жатқан балалар үшін де норма.

Сілекей неге бөлінеді?

Бұл ағзаның қорғаныстық реакциясының бірі. Алла шебер жаратушы. Ол жағын да қарастырып қойған. Кіші жастағы балалар аузына кез-келген затты салады. Ауызға зиянды бактериялар түсу қаупі бар. Ал сол бактериялар сілекеймен шайылып сыртқа шығарылып отырады. Оның құрамында бактерияларға қарсы тұратын лизоцим деген зат болады. Ол көптеген зиянды микроорганизмдерден ауыз қуысын тазартады. Яғни, балада сілекейді көп ағуы алаңдайтын жайт емес.

Сонымен қатар, гиперсаливация мына жағдайларда болуы мүмкін:

Сілекей бездерінің қабынуы;
Асқазан-ішек жолдарының аурулары;
Аллергия
Стоматит
Ауыздағы кандидоз (молочница)

Егер
бала мазасыз болса
тамақтан бас тартса дәрігерге апарып, емін алу керек.

Ал, егер
бала тыныш
көңіл-күйі жақсы
тамақтануы жақсы болса, сілекей ағуы қалыпты деген сөз.

Сіздің балаңызда сілекей көп аға ма?